Зайсан көлі туралы мәлімет

Зайсан – Шығыс Қазақстанда орналасқан тұщы көл. Бұл сөздің аудармасы – «игі» дегенді білдіреді. Аңыз бойынша, оның маңында қоныстанған тайпалар, осы көлдің балықтарын аулау арқылы аштықтан аман қалған.

Көлге Қытайдан бастау алатын Қара Ертіс құйылып, Ертіс өзені ағып шығады. Зайсанға құйылатын өзендер таулы аймақтардан бастау алғандықтан, бұл көл қармен және жаңбырмен қоректенеді.

Ол тегіс жазықтықта орналасқан (420 м биіктікте). Солтүстікте Сауыр және Алтай жотасы, ал оңтүстікте Тарбағатай жоталары қоршап тұр. Зайсан аңғары шөлді аймаққа жатады, климаттық жағдайы жазда ыстық, қыста боранды және аязды. Қараша айынан сәуір айына дейін, көлдің бетін мұз басады.

Бұқтырма су электер станциясы салынбай тұрып, оның ауданы 1810 км2, ұзындығы 105 км, ені 48 км, орташа тереңдігі 4-6 метрді (ең терең жері 15 м) құраған. Бірақ, қазіргі уақытта пішіні мен көлемі өзгерді. Себебі, соңғы жылдары Қытай мемлекеті Қара Ертіс өзенің көп мөлшерде пайдалануына байланысты, Зайсанға құйылатын судың көлемі азайды.

Көлде балықтың 20-дан астам түрі тіршілік етеді. Бұл бекіре, сүйрік, сылан, сазан, аққайран, көксерке, алабұға, ақтабан және т.б. Сонымен қатар, Зайсанның төңірегінде әртүрлі жабайы аңдар мекендейді. Олар: түлкілер, тиіндер, қабандар, еліктер және дала қырандары. Аңызға сүйенсек, ертеде осы көлдің жағасында динозаврлар мекен еткен.

Ғалымдардың пікірінше, Зайсан кем дегенде 60 миллион жыл бұрын пайда болған. Демек, ол әлемдегі ең көне су қоймаларының қатарына кіреді.

Ұқсас: Алакөл туралы мәлімет