Ұлу жайлы қызықты мәліметтер
Ұлу — Жер бетінің ең ежелгі тұрғындарының бірі. Олар 500 миллион жыл бұрын пайда болған. Бұл жануарларға көп тамақ қажет емес және олар кез-келген ортаға бейімделе алады.
Зерттеулерге сәйкес, ұлулар — соқыр және саңырау. Олар тек жарық пен қараңғылықты ғана ажыратады. Бір-бірімен жанасу арқылы байланысады.
Ұлулар орташа есеппен 15 жыл өмір сүреді. Суда да, құрлықта да тіршілік етеді. Қолайсыз жағдай кезінде, 6 айлық ұйқыға кете алады!
Ұлу — планетадағы ең баяу жаратылыстардың бірі. Орташа есеппен алғанда, бір минуттың ішінде, 7 сантиметр қашықтықты жүріп өтеді.
Олар жұмыртқалау арқылы көбейеді. Ұрпақ қалдыру үшін, ұлуларға серіктес қажет емес. 3-4 аптаның ішінде, бір ұлу — 85 нәресте әкелуі мүмкін. Туылған кезде, қабығының түсі мөлдір болады. Қабықтың мықтылығы, ағзадағы кальцийдің мөлшеріне байланысты.
Өз салмағынан 10 есе ауыр затты тасымалдауы мүмкін.
Африка және Еуропа елдерінде, оны пайдалы азық ретінде көреді. Ұлудың етіндегі ақуыз мөлшері, тауықтың жұмыртқасынан көп.
Тістерінің саны кез-келген акуладан көп, шамамен 25000!
Ұлулар өте ақылды жануарлар. Олар өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, шешім қабылдай алады.
Ең үлкен түрі — Австралиялық ұлу. Оның салмағы — 40 кг, ал ұзындығы — 30 см дейін жетеді.
Эволюция теориясының негізін қалаушы Чарльз Дарвин, ұлулар кез-келген жағдайға бейімделе алатын тіршілік формасы екендігін мәлімдеген.
Олар құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Тұз бен қант, бұл жануарлар үшін улы.
Қауіп төнген жағдайда, өз қабығына толығымен тығыла алады.
Улулардын тыныс алу мушеси
Менің туылған жылым ұду жылы. Сондықтан апай маған ұлу туралы мәлімет жазып кел деген сон, мен сіздің каналыңызды көріп, кірдім.
Ұлу дегенде біз көп шатысамыз, ұлу құрып кеткен аңның бір түрі…Ол туралы мәлімет жоқ негізінен, сондықтан толық мәлілімғт жинап барып салыңдар
Ұлу жасын қалай ажыратады?