Виктория көлі туралы мәлімет
Африка континентінің солтүстігінде орналасқан Виктория көлі — әлемдегі ең ірі тұщы көлдердің бірі. Оның жасы шамамен 400 мың жыл.
Көлді 1858 жылы Джон Спик есімді британдық саяхатшы ашып, Виктория патшайымның құрметіне осындай атау берген. 1920 жылдарға дейін ол Виктория-Ньянза деп аталған. «Ньянза» сөзі жергілікті тұрғындардың тілінен «көл» деп аударылады екен.
Ауданы 68 мың км², ұзындығы 320 км, ал ені 275 км-ге жетеді. Көлемі үлкен болғанымен, орташа тереңдігі небәрі 40 метрді құрайды. Ең терең жері 80 м. Ніл өзені осы көлден бастау алады. Көлдің аймағында 30 миллионға жуық адам тұрады.
Виктория көлі негізінен жаңбыр суымен қоректенеді, қалған 20%-ын оған құйылатын өзендер береді. Ең ірі құйылатын өзен — ол Кагера. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 1200–1600 мм-нан аспайды. Сондықтан аймақтың басым бөлігі құрғақ немесе жартылай құрғақ болып сипатталады.
Көлде балықтың 300 түрі тіршілік етеді. Жылына 1 миллион тонна балық ауланады. Ең үлкен сұранысқа Ніл алабұғасы ие. Оның нарықтағы бағасы өте қымбат. 1 килограммы шамамен 300 долларды құрайды.
Оның айналасында көптеген саябақтар мен қорықтар бар. Ең танымалы – Танзаниядағы Рубондо ұлттық саябағы. Бұл саябақта құстардың 500-ге жуық түрі тіршілік етеді.
Қазіргі уақытта, су деңгейінің төмендеп келе жатқандығы байқалуда. Сонымен қатар, ол өнеркәсіптік зауыттардың химиялық қалдықтарымен ластанып жатыр. Адамдар бұл көлге шомылудан аулақ. Себебі, мұндағы паразиттер адамның ішкі мүшелеріне қатты зақым келтіруі мүмкін.
Ұқсас: Байкал көлі жайлы мәлімет