Байкал көлі жайлы мәлімет

Байкал немесе Байкөл — Азия құрлығының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Ол жер бетіндегі ең терең және көне көл болып саналады.

.jpg

Әлемдегі тұщы судың ең ірі қоры осы көлде шоғырланған (19%). Ол өзінің таза және мөлдір суымен ерекшеленеді, 40 метр тереңдікте жатқан тастарды көзбен көре аласыз. Құрамында минералды тұздардың мөлшері аз болғандықтан, суды тазартпай қолдануға болады.

Көлдің пішіні ораққа ұқсас. Ол теңіз деңгейінен 500 метр биіктікте орналасқан, ұзындығы 636 км, ал ені 80 километрға дейін жетеді. Көлде және оның жағасында 3500-ден астам түрлі жануарлар мен өсімдіктер тіршілік етеді. Фаунасының 80%-ы, әлемнің басқа жерлерінде кездеспейді.

Әдетте, көлдер 10-15 мың жыл өмір сүріп, содан кейін батпаққа айналады. Бірақ, мамандардың пікірінше, Байкөлдің жасы 25 миллион жыл. Сондай-ақ, ол жыл сайын 2 сантиметрға үлкейіп отырады екен. Бұл құбылысты ешкім түсіндіре алмауда, ал кейбір ғалымдар, Байкал болашақта мұхит болады деген болжам жасап отыр.

Байқалға 300-ге жуық өзен құйылады. Көлде 20 арал бар, олардың ең үлкені — Олхон. Бұл аралды Байкалдың жүрегі деп атайды. Оның ұзындығы 71 шақырымға дейін созылған. Жергілікті тұрғындар, Шыңғыс ханның қабірі осы аралда орналасқан дейді.

Қаңтар айында судың беті толығымен мұзбен жабылып, қатты аяз кезінде жарылады. Осы құбылыстың арқасында, жарылған жерлерден көлдің түбіне күн шуағы түсіп, тіршілік иелері оттегімен қамтамасыз етіледі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ХІІ-ХІІІ ғасырларға дейін, бұл аймақта моңғол тілінде сөйлейтін барғұттар мекен еткен. Олар кеткен соң, көлдің батыс жағалауына буряттар белсенді қоныстана бастады. Ал, орыс халқы бұл елді мекенге XVII — XVIII ғасырларда ғана келді.

Ұқсас: Арал теңізі туралы мәлімет