Ұлыбритания туралы қызықты мәліметтер
Көптеген адамдар Ұлыбритания елін география, тарих және ағылшын тіліндегі оқулықтарда ұсынылған мәліметтер бойынша біледі. Шын мәнінде, бұл ел туралы көпшілікке белгілі емес деректер өте көп.
Ұлыбритания жайлы 25 мәлімет
- Ұлыбритания халқының саны 63 миллион, олардың 53 миллионы Англияда тұрады.
- Метроның туған жері — Лондон.
- Ұлыбританиядағы балалар мектепке 4-5 жасында барып, 16-18 жасында аяқтайды.
- Big Ben — атақты мұнарадағы сағаттың атауы емес, ол қоңыраудын аты, ал мұнара Әулие Стефан деп аталады.
- Англияда Джон Смит есімді 300 мыңнан астам адам тұрады.
- Ағылшын тағамы — әлемде сапасы ең нашар және дәмсіз болып саналады.
- Француз тілі 300 жыл бойы Ұлыбританияда ресми тіл болған.
- Ұлыбританияда тек ханшайым (королева) ғана құжатсыз жүре алады.
- Лондон — ежелгі қала. Римдіктер оны б.з. 43 жылы құрып, «Лондиниум» деп атады.
- Англияда полицейлерді «бобби» деп атайды.
- Белгілі шотландиялық сусын виски, шын мәнінде Қытайда жасалған.
- Ұлыбритания төрт әкімшілік және саяси бөліктен тұрады: Солтүстік Ирландия, Англия, Шотландия және Уэльс.
- Әлемдегі ең қысқа әуе рейсі Шотландияда. Вестра аралынан, Папа Вестра аралына дейінгі ұшу уақыты 1 минут 14 секунд.
- Лондонда тұратын адамдардың 25%-ы басқа елде туылды.
- XVIII ғасырда Британдық империя әлемдегі ең ірі мемлекет болды.
- Шақырусыз қонаққа келу, Британдар үшін жаман қылық болып саналады.
- Метрода газеттер тегін таратылады.
- Қауым палатасы — ағылшын ханшайымы Элизавета II кіре алмайтын Ұлыбританиядағы жалғыз орын, себебі ол оның мүшесі емес.
- Виндзор — әлемдегі ең үлкен корольдік резиденция болып саналады.
- Хайуанаттар бағы алғаш болып Англияда ашылған. Ол 1829 жылы Лондонда пайда болды.
- Робин Гуд есімді адам өмір сүрмеген.
- Белгілі британдық ғалымдар — Чарльз Дарвин, Майкл Фарадей, Исаак Ньютон, Стивен Хокинг.
- Ұлыбританиядағы ең көп ішетін сусын — бұл шай.
- Британияда жолыңызды кесіп өткен қара мысық, сәттілік пен байлықты білдіреді.
- Британдықтар алғаш болып жаңбырдан қорғану үшін қолшатырды (зонт) қолданды, оған дейін қолшатырлар тек күн сәулесінен қорғану үшін қолданылған.
Өте тамаша деректер