Тауыс құсы туралы мәлімет

Тауыс (павлин) байлық пен күштің символы болып саналады. Оның экзотикалық сұлулығы таң қалдырады. Әлемге өзінің әйгілі құйрығымен танымал болған құс жайлы не білеміз?

Шын мәнінде, павлиннің керемет «құйрығы» – ол жоғарғы құйрықтың қауырсындары, ал құйрықтың өзі әлдеқайда кішкентай. Бұндай қауырсындар тек еркектерінде ғана өседі. Олар осының көмегімен ұрғашылардың назарын өздеріне аударады.

Павлиндер тауықтәрізділер отрядына жатқанымен, генетикалық жағынан күркетауықтарға жақын екендігі дәлелденді. Құстың денесінің ұзындығы 180-230 см, құйрығы 40-50 см, қауырсындары 120-160 см, ал салмағы 4-6 кг құрайды.

Тауыс құсы Үндістанда қолға үйретілген. Жергілікті халық оны қасиетті құс ретінде құрметтейді. Павлиндер Непалда, Пәкістанда, Бангладеште, Үндістанда және Шри-Ланкада жиі кездеседі. Ол орманды алқаптарды, ауылдардың маңын және өзен жағалауларын мекендеуді ұнатады. Егер қолайлы жағдайда өсірілсе, өмір сүру ұзақтығы 20 жылға дейін жетеді.

Ол үй құстарына қарағанда жақсы ұшады. Көгершіндер мен торғайлар сияқты ұшып кете алмағанымен, бірнеше ондаған метрді бағындыра алады. Ұзын қауырсындарына қарамастан, қауіп төнген жағдайда жылдам жүгіреді.

Азия елдерінде, павлин етімен иммунитеті әлсіреген адамдар мен қарт адамдарға тамақтануға кеңес беріледі. Әсіресе жас құстың емдік қасиеті жоғары болады екен. Ал оның жұмыртқалары, басқа құстардың жұмыртқаларынан айтарлықтай ерекшеленеді. Оны жұқпалы аурулардан әлсірегенде, ауыр стресстер кезінде және отадан кейін жеген пайдалы.

Тауыстардың дауысы қатты, өткір және құлаққа жағымсыз естіледі. Бұл айқайды естіген адамдар, оны мысықтың құйрығын басқанда шығатын дауысқа ұқсатады.

Тамақ талғамайды. Көбінесе дәнді дақылдармен, жемістермен, жидектермен және жәндіктермен қоректенеді. Кейбір жағдайларда, кішкентай жыландар мен кеміргіштерді аулайды.

Ұқсас: Сұңқар құсы туралы мәлімет