Сұңқар құсы туралы мәлімет
Сұңқар – айбындылығымен, батылдығымен, күшімен және әдемілігімен ерекшеленетін құс. Оны ежелгі адамдар жақсы білген және құрметтеген.
Сұңқардың пайдасы
Бұл құстар планетаның табиғи тепе-теңдігін сақтау үшін өте маңызды рөл атқарады. Мысалы, өсімдіктерге зиян тигізетін тышқандар мен кеміргіштердің көзін құртады.
Қарға және сауысқан сияқты құстар, басқа құстардың ұяларын бұзып, жұмыртқаларын жейді. Ал, сұңқар олардың санын азайтып отырады.
Көптеген адамдар сұңқарды асырап алуға тырысады, ол бүркітпен қатар, аңшының ең адал және сенімді досы болып саналады. Аң аулау кезіндегі ең пайдалы қасиеті – көру қабілеті. Ол өз олжасын 1 километр қашықтықтан байқап қалады.
Қызықты мәліметтер
Сұңқарды әлемдегі ең жылдам құс деп атауға болады. Ол бір секундта 4-5 рет қанат қағады. Ең шапшаң түрі – лашын. Лашынның жылдамдығы – 320 км/сағ дейін жетеді. Ұрғашылары еркектерге қарағанда 1,5 есе үлкен. Ең ірілерінің салмағы – 2 килограммға дейін жетуі мүмкін.
Әдетте, өзінен кіші құстармен қоректенеді, оларды ауада шабуылдауды ұнатады. Оның мәзірінде көгершіндер, торғайлар, үкілер және үйректер бар. Кейбір жағдайларда, қоян және тиын сияқты сүтқоректілерді аулауы мүмкін.
Әйелі де, еркегі де жұмыртқа басады. Балапан дүниеге келген кезде, оны алғашқы үш апта бойы ата-анасы тамақтандырып, жыртқыш жануарлардан қорғайды. Ал, бір ай өткен соң, балапан ұядан қуылады. Егер ұясын уақытында қалдырмаса, оны өлтіріп тастайды. Себебі, ересектер оны бәсекелес ретінде қарастырады.
Сұңқарды ғылыми тілде «Falco» деп атайды. Ол латын тілінен аударғанда «орақ» деген мағынаны береді. Өйткені, бұл құс ұшып келе жатқанда, оның пішіні ораққа ұқсас болады екен.
Табиғатта өмір сүру ұзақтығы – 15-16 жыл, ал қолға үйретілгендері – 18-20 жыл тіршілік етеді.
Жарайсың өте керемет жазылған екендігін дәлелдедін керемет
Өте керемет қазақ тілін жазам
я мен сабагымды жаза алмай жатканда мынаны басып клган едим барлыгы осында тыгылып тур екен гой
Өте керемет бірақ көлемі берілмеген
Өте рақмет. Бірақ көлемі жоқ😒. Бірақ бәрібір рақмет☺️
Солғо керемет жазылыпты.Біра көлемі жазылмсған
Рахмет бірақ көлемі жоқ сондада рахмет
Көлемі 30см-ден асады
Өте керемет!!!🤩Рақмет сізге!😊😊😊Көлемі жоқ болсада,керемет.👍👍👍😀
Рахмет сізге көлемі жоқ болса да
Өте керемет!!!Рақмет сізге!👍👍👍
Өте керемет айтылыпты!!!
Көлемін Wikipedia дан тапсаңдар болады мен содан тапқам
КӨлемы 38-42см
Шыныменде тек көлемі жазылмаған бірақ күшті.
Өте керемет бірақ көлемі жазылмаған бірақ өте керемет мәлемет
Колеми 45,5 см
Солго маган көлемі керек еді