Табиғат, экология туралы эссе

Табиғат пен адам арасында ажырамас байланыс бар. Ол біздің үйіміз және адамдарға қажетті заттардың барлығын береді. Сондықтан, оның маңыздылығын ұмытпай, тепе-теңдікті бұзбай өмір сүруіміз керек.

.jpg

Ұқсас: Табиғат жайлы мақал-мәтелдер

4 шығарма

Табиғат пен адам — біртұтас. Адамзат планетаның экологиясына назар аударуы керек. Көлік құралдары ауаны зиянды газдармен ластайды. Көптеген мұнай қалдықтары, су қоймаларына тасталуда. Бұл қалдықтар — өсімдіктер, жабайы аңдар, балықтар мен құстардың өліміне әкеліп жатыр. Бұның басты себепкері — адамдар. Экожүйені бұзу — өз үйімізді бұзғанмен бірдей. Қоршаған ортаға қамқорлық пен сүйісепншілік қажет. Сонда ғана, адам табиғатпен үйлесімді өмір сүре алады.

Табиғат — біздің асыраушымыз, олсыз адамзат өмір сүре алмас еді. Бұрынғы заманда, адамдар табиғатты құрметтеген және оған зиян тигізбеген. Ерлер — аңшылықпен және балық аулаумен айналысқан, ал әйелдер жидектерді, саңырауқұлақтар мен шөптерді терген. Бұл үйлесімділік, өнеркәсіп пайда болғаннан кейін бұзылды. Зауыттардың саны көбейіп, экологияға үлкен залал келтірілді. Қазіргі уақытта, табиғат токсиндерден тұңшығып жатыр деп айтуға болады. Көптеген жануарлардың жойылып кетуі мүмкін, ал ормандар аяусыз кесілуде. Планетамызға экологиялық апат қаупі жақындап келеді. Сондықтан, нәзік табиғатымызға мейірімді болайық!

Табиғаттың көмегімен жаратылған әлем, бірнеше миллиард жыл бұрын пайда болып, сансыз тіршілік иелеріне өмір сыйлады. Біз оның маңызды бөлігіміз, мұңы ешқашан ұмытпауымыз керек. Өкінішке орай, қоршаған ортаның ластануы және жануарлар санының азаюы — адамның іс-әрекетінен туындаған. Егер табиғатты қорғауға барлығымыз үлес қосатын болсақ, онда планетамыздағы өсімдік пен жануарлардың алуан түрін сақтап қаламыз. Менің ойымша, қоршаған ортаны қорғау әр адамның  міндеті.

Барлық тіршілік иелері, соның ішінде адамдар да, табиғат деп аталатын үлкен үйдің шаңырағында өмір сүреді. Ол — біздің алтын  бесігіміз. Бірақ, адамдардың кесірінен, біздің ғаламшарға экологиялық апат қаупі төңіп тұр. Сондықтан әрбір адам, табиғатты сақтап қалу үшін әрекет жасауы керек. Ешқашан жерге қоқыс тастамаңыз. Оны мұқият орап, қоқыс жинайтын арнайы орындарға апарыңыз. Гүлдер мен жапырақтарды жұлмаңыз, өйткені, өсімдіктер ауаны тазартады. Жазғы күндері пикникке шықсаңыз, міндетті түрде отты сөңдіріп кетіңіз. Себебі, орман өртеніп кетуі мүмкін. Біз табиғатқа қамқорлықпен қарауымыз керек.

Ұқсас: Күз туралы шығарма