Сингапур туралы қызықты мәліметтер
Сингапур – жарты ғасырдың ішінде үлкен жетістікке жеткен және бүкіл әлемге үлгі бола алатын мемлекет. Қазіргі таңда, ол Оңтүстік-Шығыс Азияның ең дамыған елі.

Сингапур жайлы 15 мәлімет
- Малай тілінен аударғанда, «синга» – арыстан, «пур» – қала дегенді білдіреді.
- Сингапурда масалар жоқ. Безгек ауруынан құтылу мақсатында, бұл жәндіктер толығымен жойылған.
- Бұл елдің заңдары өте қатаң. Қоғамдық орындарда темекі шегу, қоқыс шашу, жерге түкіру, көлікте отырып тамақтану үшін, 400 доллар көлемінде айыппұл салынады.
- Аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды бас бостандығынан айырумен қатар, таяқпен соғып жазалайды.
- Көшеде полицейлерді көрмейсіз, тәртіпті бақылау – камералар арқылы жүргізіледі.
- Автокөлік жүргізу құқығына иелену үшін, 60000 доллар ақша төлеуіңіз керек. Билік өкілдері, жол кептелістерімен осылай күреседі.
- Сингапур – аумағы ең кішкентай 20 мемлекеттің қатарына жатады.
- Пайдалы қазбалардың болмауына қарамастан, 30 жылдың ішінде үлкен экономикалық серпіліс жасап, дамыған мемлекеттердің қатарына енді.
- Сингапур – мемлекет, қала және астана болып саналады.
- Бұл мемлекетте малай тілі – ұлттық болып есептеледі. Сонымен қатар, ресми тілдерге: ағылшын, қытай және тамиль тілдері жатады.
- Сағыз шайнауға тыйым салынған. Ол ешқай жерде сатылмайды.
- 1991 жылдан 2004 жылға дейінгі аралықта, 400-ден аса адам өлім жазасына кесілді. Әлемдегі ең қауіпсіз және қылмыс деңгейі төмен елдердің тізіміне кіреді.
- Халықтың 3%-ы – долларлық миллионерлер.
- Орташа өмір сүру ұзақтығы – 80 жыл!
- Ер адамдарға тізелерін көрсетуге болмайды. Сондықтан, тіпті ыстық күннің өзінде, олар шалбар киіп жүреді.