Қалай дұрыс тамақтану керек?

Салмағына, терісіне және денсаулығына қарап, әрбір адам дұрыс тамақтану туралы ойлана бастайды. Осы мақаладағы кеңестерді оқи отырып, диетаныңызды реттеп, өзіңізді сұлу әрі бақытты сезінетін боласыз!

тамақ
Фото: Shutterstock.com

Семіздік – қазіргі заманның басты проблемаларының бірі. Ол адамдардың аз қозғалып, майлы тағамдар және фаст-фуд өнімдерімен тамақтанудың нәтижесі екені белгілі. Өкінішке орай, артық салмақ ағзаға кері әсерін тигізеді. Оның кесірінен диабет, гипертония, артрит, асқазан және жүрек-тамыр аурулары пайда болады.

7 пайдалы кеңес

  • Ұйқыдан кейін міндетті түрде 200-300 мл су ішіңіз. Ол ағзаның су-тұз теңгерімін қалыпқа келтіріп, сіздің сыртқы көрісіңізді жақсартады. Ересек адамның тәуліктік мөлшері – 1,5-2 литр.
  • Асты бір уақытта ішіңіз. Таңғы асты өткізіп алмаңыз, бұл өте маңызды. Ол «ұйықтап жатқан» зат алмасу процесін іске қосып, көңіл-күй және күш береді. Түскі аста сорпа ішкен жөн. Ол ас қорытуға және ағзаны қажетті сұйықтықпен қамтамасыз етуге көмектеседі. Тамаққа тойып алып, төсекке бірден жатуға болмайды. Соңғы тамақтану ұйқыға дейін 2-3 сағат бұрын болғаны дұрыс.
  • Тамақтану теңгерімді болуы керек. Өзіңді жақсы сезіну үшін организмді: ақуыз, майлар, көмірсулар, макро және микроэлементтермен қамтамасыз еткен дұрыс. Күнделікті рацион 50% – көмірсу, 25% – ақуыз және 25% – майдан тұруы керек.
  • Фаст-фуд тағамдарынан, майонез, соус, колбаса, газдалған және энергетикалық сусындардан аулақ болыңыз.
  • Күніне 500 грамм жаңа піскен жемістер мен көкөністерді жеңіз. Олар ағзаға үлкен пайда әкеледі, өйткені дәрумендер мен минералдардың басты көзі болып табылады.
  • Буға пісірілген және қайнатылған тамақты жеу ұсынылады. Қуырылған тағамға тиым салыңыз.
  • Күніне 4-5 рет тамақтану қажет (4 сағат сайын).