Шілікті қорғандары туралы мәлімет
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан өңірінің аумағында көптеген зәулім патша қорғандары орналасқан. Олардың ең көп жинақталған жері Шілікті аңғары. Алқапты үш жағынан Тарбағатай, Сауыр және Маңырақ тау жоталары қоршап жатыр.
Бұл аймақта 200 үлкен қорған бар. Қазақстан аумағындағы ең көне патша қорымы (б.з.д. VIII ғ.) — Бәйгетөбе обасынан табылды. Ол Шілікті қорғанында орналасқан. Оны ашқан профессор Әбдеш Төлеубаев. Бұл археологиялық сенсация үшінші «Алтын адам» деген атауға ие болды.
Биіктігі 8 м, диаметрі 100 м қорғанның жоғарғы қабаты құмнан, төменгі қабаты тастан тұрады. Ауданы 34 шаршы метрді құрайтын зиратта, бір ғана адам жерленген. Мұндағы мәйіт, 4325 алтын пластинамен безендірілген киімде табылды. Бұйымдардың көпшілігі дала жануарларының мүсіндері түрінде жасалған. Барыстың, арқардың, бұғының, аюдың, қасқырдың және бүркіттің бейнелері бар. Сондай-ақ, қорғанның ішінен билік символы болып саналатын бесбұрышты алтын жұлдыз жақсы күйде сақталған.
Ең қызықтысы, қорымнан небәрі 1 миллиметрді құрайтын тостаған тәрізді кішкентай алтын салпыншақ табылған. Оған диаметрі 0,5 мм құлақша дәнекерленген. Өкінішке орай, бұл қорған ертеде тоналып қойған. Қарақшылар алтын тәж, қылыш, қанжар сияқты бағалы заттарды алып кеткен. Ғалымдардың пайымдауынша, Шілікті тек патшалар мен көсемдердің жерленген жері ғана емес, ол ежелгі тайпалардың құлшылық жасайтын киелі орны болған.
Жалпы Шіліктіні кім зерттеді?
Ә.Төлеубаев зерттеген
Иә дұрыс айтасың
С. черников
Ә.төлепбайға
Әбдеш Төлеубаев
Археологиялық ескерткіш неше обадан тұрады???