Сақтар жайлы мәлімет
Сақ тайпасының әртүрлі атаулары болған. Ежелгі гректер оларды «азиялық скифтер», ал парсылар — «құдіретті еркектер» деп атаған. Сақтар көшпелі тайпалардың қатарына кіреді. Мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысқан. Сондай-ақ, қыш бұйымдарын, зергерлік бұйымдарды және тасты өңдеуде жоғары жетістіктерге жете алды. Олар — Алтай, Сібір, Еуропа және Қытай халықтарымен сауда жүргізген.
Б.з.б. VII-IV ғасырларда, сақтар тайпалық одақтарға біріге бастады. Рулық одақтың басында, тайпа басшыларының әскери кеңесімен сайланатын патша тұрды. Бұл алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, әскери демократияның қалыптасу кезеңі еді. Сақ қоғамында патша Құдайдың сүйіктісі, аспан мен жерді байланыстыратын буын болып саналды.
Сақ қоғамы үш топтан құралды — жауынгерлер, діни қызметкерлер, мал өсірушілер және егіншілер. Әйелдер ерекше құрметтелген, шайқастарға ерлермен бірге қатысқан, тіпті билеуші болып сайланғандары да болды (Мысалы, Томирис).
Ұқсас: Томирис патшайым туралы аңыз
Адамдар табиғат күштеріне табынған. Құдай жануарлар мен құстардың ішінде тіршілік етеді деп сенген. Бұл халық — еуропеоидтық нәсілге жатқан және шығыс-иран тілінде сөйлеген. Олардың мәдениетінің дамуына Ахемен өркениеті үлкен әсер етті.
Сақтардан қалған ескерткіштердің ең атақтысы — Есік қорғаны. Оның ішінде 17-18 жастағы ханзада жерленген. Ол «Алтын адам» деген атауға ие болып, біздің еліміздің ең маңызды тарихи ескерткіштерінің біріне айналды. Қорғаннан жазулары бар тостаған табылғаннан кейін, бұл тайпаның жазбаша тілді білгендігі дәлелденді.
Ұқсас: Алтын адам туралы мәлімет
Біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларда, қазіргі Қазақстан мемлекетінің аумағында сақтардың орнын, басқа тайпалық одақтар басты. Жетісу аймағына — үйсіндер, Сырдарияның орталық ағысына — қаңлылар, ал Қазақстанның солтүстік-батысы мен орталығына ғұндар келді.
Астына жазып кетписіз ба мәліметті қайдан алғаныңызды!!
Карасай дурыстап
Сақтар туралы өте керемет екен,маған ұнады
Googlдан алдым
Өте күшті жазылған
Тұрғои қарсаи
Оте керемет ақпарат
Пайдалы ақпарат болды ертен осынын арқасында 5 алам
ол бесінші па