Томирис патшайым туралы мәлімет

Тұмар (Томирис) – аты аңызға айналған сақ-массагет халқының ханшайымы. Бұл патшайымның есімін барлық қазақстандықтар біледі. Ол туралы көптеген кітаптар жазылған және фильмдер түсірілді.

.jpg

Ұқсас: Абылай хан туралы мәлімет

Тұмар жайлы аңыз

Зерттеушілердің айтуынша, Тұмар ханша б.з.д. 570-520 жылдар аралығында өмір сүрген. Әкесінің есімі – Сыпыр, ол массагет тайпасының патшасы. Анасы босану кезінде көз жұмды, ол Әби тайпасының көсемінің қызы еді. Бұл заманда – әйел адамның патша болуға құқығы болған. Сондықтан, әкесі қайтыс болғаннан кейін, билікті өз қолына алды.

Б.з.б. VI ғасырда Парсы елінде, Ахемен империясы құрылды. Парсы патшасы Кир II, Месопотамия елдерін біріктіріп, басқыншылық саясатын жоспарлай бастады. Мысырды жаулап алуды армандаған Кир, мұндай үлкен мемлекетпен соғысу қиын болатынын білді. Сол себепті, алдымен шығыс шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, шексіз даладағы сақ тайпаларын бағындыруды ұйғарды.

Басында ол билікті соғыссыз, айламен тартып алуға амал іздеді. Тұмарға хат жіберіп, әйелі болуға ұсыныс жасады. Бірақ, Томирис Кирдің шын ниеті қандай екенін біліп, бар тартуға шешім қабылдады. 530 жылы парсылардың үлкен әскері Шығысқа аттанды.

Парсылар үшін жорық сәтті басталды. Көшпенділер артқа шегінуге мәжбүр болып, басқыншылардың әскері Яксартқа келді. Өзеннен өткен соң, Кир патша әлсіз және науқас сарбаздардың аз бөлігін өзен жағасында қалдырып, негізгі әскерді жасырып қойды. Сақтар парсылардың жалған әскеріне шабуыл жасап, оларды талқандады. Жеңісті тойлау үшін уланған шараптарды ішкен сарбаздар, көп ұзамай ұйықтап қалды. Түнде, парсы әскері жауынгерлердің барлығын дерлік өлтіріп тастады. Тұмар ханшайымның ұлы тұтқынға алынды.

Томирис Кирге елші жіберіп, оның ұлын босатуды талап етті. Егер ұсыныс орындалмаса, «қанға қаншалықты тоймайтын болсаң да, басынды қанға тұншықтырамын» деп қорқытты. Кир бұл ұсыныстан бас тартып, елшіні қайтарып жіберді. Ал, Тұмардың ұлы өзіне-өзі қол жұмсап мерт болды.

Мұны естіген массагеттер патшайымы парсыларға қарсы шабуыл жасады. Қатыгез шайқас ұзаққа созылды, ешкім шегінгісі келмеді. Ақырында сақтар жеңіп шықты. Ұрыс кезінде Кир өлтіріліп, Томирис оның денесін табуға бұйрық берді. Мәйіті табылған соң, үлбірге қан толтырып, парсы патшасының басын соның ішіне салды.

Бұл оқиға аңызға айналды. Жауынгерлер үшін, Тұмар ханша ерлік пен күштің символы ретінде қабылданды. Ханшайымның өмірі қиын және қайғылы болды, оның бейнесі бүгінгі күнге дейін әдебиетте және өнерде қолданылады.

Ұқсас: Иран туралы қызықты мәліметтер