Сүйісудің пайдасы мен зияны.Сүйісу жайлы мәліметтер
Бұл мақалада: сүйісудің пайдасы және зияны жайлы айтылады. Оны зерттейтін ғылым филематология деп аталады. Бұл саланың ғалымдары сүйісу туралы көптеген қызықты мәліметер ашқан.
Сүйісудің пайдасы
Қыздар сүйісуді жігіттерден гөрі көбірек ұнатады деген тұжырым бар, ғашықтар осы әрекет арқылы өз сезімдерін білдіреді. Сүйісудің адамдар үшін пайдасы көп, олар мыналар:
Арықтау. Кемінде 20 секундқа созылатын сүйіс, метаболизмді екі есе жылдамдатып, калориялардың өртенуіне септігін тигізеді. Бірнеше минут бойы сүйісу, сіз 500 метр жүгіру кезінде жоғалтатын энергиямен бірдей.
Ұқсас мақала: Тез арықтау жолдары
Стресстен сақтану. Сүйісу кезінде кортизол (стресс гормоны) деңгейін төмендететін реакциялар іске қосылады. Ғалымдар, сүйісуді жақсы көретін адамдар басқаларға қарағанда әлдеқайда қуанышты және олар үшін жеке өмірде табысқа жету оңайға түседі деп айтады.
Жүктілік кезіндегі көңіл-күй. Жүктілік кезінде әйелдердің көңіл-күйлері құбылмалы болады, ал кейбіреулері тіпті күйзеліске (депрессия) ұшырап жатады. Тұрақты сүйісіп тұру, осыдан аулақ болуға көмектеседі.
Жыныстық белсенділікті арттыру. Еріннің бір шаршы сантиметрінде екі жүзге жуық нерв бар. Сүйісу кезіндегі рахат алу осымен байланысты. Сілекейдегі андростерон заты сүйіспеншілікті арттырады.
Ұқсас мақала: Жыныстық қатынастың пайдасы және зияны
Жасыңызды ұзартады. Жігітпен сүйіскенде беттің 39 бұлшық еті жұмыс істейді. Олар жаттығумен қатар, тері жасушаларындағы қан айналымын жақсартады. Сондықтан сүйісу — бұл әжімдердің көбеюіне кедергі жасайтын және қартаюды бәсеңдететін гимнастика түрі.
Тіс ауруларың алдын алу. Сүйіс кезінде сілекей көп мөлшерде бөлінеді, ал оның құрамындағы кальций мен фосфор тістің эмальін нығайтады. Сондай-ақ сілекейде, ауыз қуысындағы жараларды емдейтін табиғи антибиотиктер бар.
Өкпені жаттықтыру. Сүйісу кезінде тыныстың жиілігі және тереңдігі артады, соның арқасында жасушаларға оттегі жақсы жеткізіледі.
Ауырсынуды басу. Сүйісу кезінде адамдарда, ауырсынуды басатын эндорфиндер шығарылады.
Инсультпен инфаркттің алдын алу. Сүйісіп жатқанда жүрек жиі соғып, қан ағымын жақсартады, ал ол жүйелер мен органдарды қанмен қамтамасыз етеді.
Сүйісудің зияны
Сілекеймен алмасу кезінде ол арқылы: вирустық инфекциялар, тұмау, тонзиллит, гепатит, туберкулез, герпес берілуі мүмкін.
АИТВ (ВИЧ), С гепатиті, трихомониаз, гонорея ауызда жарақат болған жағдайда жұғуы мүмкін.
Жақында ғалымдар сүйісу, асқазанның ойық жарасын (язва желудка) тудыруы мүмкін екенін анықтады. Аурудың тасымалдаушысы — Helicobacter бактериясы.
Сүйісу туралы мәліметтер
Сүйісу марафоны кезінде итальяндық жұп 31 сағат, 18 минут және 33 секунд бойы сүйіскен. Жігіт өзін жаман сезінгесін марафон тоқтатылды.
Әрекет кезінде 66 % адам көздерін жабады, ал қалғандары өзінің әріптесінің эмоциясын бақылауды ұнатады.
Сүйіскенде біз сумен (9 мг), маймен (0,7 мг), органикалық заттармен (0,18 мг), альбуминмен (0,7 мг) және тұзбен (0,45 мг) өз серіктесімізбен бөлісеміз. Әдетте осы заттардың барлығы қауіпсіз, ас қорытуды жеңілдетеді және иммундық жүйені нығайтады.
Еріннің сезімталдығы саусақтардың сезімталдығынан 200 есе жоғары.
Статистикаға сәйкес, еуропалық жұптар күніне 7 рет, жас жұптар шамамен 12 рет, ал 50 жастан асқан адамдар 2 рет сүйіседі. Сұралғандардың 12 пайызы соңғы сүйіскен кезін есіне түсіре алмады!
6 шілде Дүниежүзілік сүйісу күні деп танылды. Мереке XIX ғасырдың аяғында Англияда пайда болды.
Мен үйленгеніме 6 жыл болды басында бәрі жақсы болатын кейін жылдан жылға нашарлап кетті сүйісу дегенді ұмыттым мен сүйіскім келеді әйелім қаламайды осылай біраз жылдар өтті. Әрі қарай шыдамым таусылды.
Сіз өзіңз әйеліңзды тартпасаңыз ол кісі бей берекетсіз келіп жабысып кетпиді.
Мен 45 темин жаксы суисемиз биз рахат кои