Қабанбай батыр туралы мәлімет

Қабанбай батыр – жоңғар басқыншыларына қарсы күресті басқарған қолбасшылардың бірі. Оның ерліктері жайлы аңыз-әңгімелер мен жыр-дастандар ел арасында кең таралған. Халық оны жеңілмейтін батыр деп санаған.

1692 жылы Қожағұл батырдың отбасында Ерасыл есімді ұл дүниеге келген. Жаулармен шайқаста әкесі мен ағасынан айырылған жасөспірім, 16 жасында жау тұрағына кіріп, туғандарын өлтірген жоңғарға кегін қайтарған.

Ол табиғатынан бойщан бойлы, ірі денелі және күшті болған. Атқа мінуді, қару-жарақ қолдануды және қоян-қолтық ұрысты жақсы меңгерген. Жас кезінде әпкесі Меруерттің жылқыларына шабуыл жасаған жабайы шошқаларды жойғаны үшін «Қабан батыр» деген лақап атқа ие болды.

Шайқастарда ерекше табандылығымен және батылдығымен көзге түскен жауынгер, көп ұзамай «жүзбасы», яғни жүз сарбаздың қолбасышысы лауазымына көтерілді. 1717 жылы Аягөз шайқасынан кейін сарбаздар оны Қабанбай батыр деп атап кеткен. Ол Сайрам, Ташкент қалаларын және Шығыс Қазақстан жерлерін жоңғарлардан азат ете алды.

1725 жылы Қабанбай өз жасақтарымен Алакөл, 1728 жылы Шұбартеңіз ұрысында жеңіске жетті. Ал, 1729 жылы қазақ әскері атақты Бұланты мен Аңырақай шайқастарында жауды тас-талқаң қылды. 1735 жылғы шешуші Шаған шайқасынан кейін, Абылай ханның өзі Қабанбайдың батылдығына тәнті болғаны сонша, оған Дарабоз деген тағы бір лақап ат берген.

Оның ерлігін Бұқар жырау, Ақтамберді, Үмбетбай, Дулат және басқа ақындар жырлаған. Қабанбай бүкіл өмірін әскери жорықтарда өткізіп, 103 шайқасқа қатысқан. 1761 жылы әйгілі қолбасшы Қытай мемлекеті мен қазақ халқы арасындағы бітім шартқа қол қоюға белсене қатысып, өзін дипломат ретінде де көрсетті.

Ұлы батырдың өмірі жекпе-жек кезінде үзілді. Қартайған шағында 78 жастағы Қабанбай қырғыздың жас батырына қарсы шығып, жеңіске жеткенімен, ұрыстан кейін өзі де құлап қаза болды.

Ұқсас: Райымбек батыр туралы мәлімет