Райымбек батыр туралы мәлімет

Райымбек – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезенінде өмір сүрген қазақтың әйгілі батыры. Бұл жылдары – қазақ жерлерінің едәуір бөлігі жоңғарлардың иелігінде болды. Оның жасаған ерліктері, мыңдаған адамдарды ажалдан аман алып қалған.

,

Ол 1705 жылы қазіргі Алматы облысының аумағында дүниеге келген. 11 жасында ата-анасынан айырылып, сол дәуірдің көрнекті саяси қайраткері – атасы Ханкелдінің қолында өскен. Райымбек бала кезінен отансүйгіш болып, туған жерлерін жоңғар құлдығынан босатуды армандаған.

Небәрі 17 жасында халық арасында мықты батыр ретінде танымал болып, Жоңғар шапқыншылығы кезінде қарулы жасақты басқарды. Ол қылышты да, садақты да шебер қолданған. Кейбір мәліметтер бойынша, жоңғардың он жеті жауынгерімен жекпе-жекке шығып, әрқайсысында жеңіске жеткен.

1729 жылы Іле өзенінің төменгі сағасында, Әбілқайыр хан басқарған қазақ әскері жауды талқандап, Жетісудан қуып шығарды. Бұл шайқасқа Райымбектен басқа, отыз мыңға жуық адам қатысты. Олардың ішінде Қабанбай, Бөгенбай, Әйтеке би, Төле би және т.б. болды.

77 рет жараланғанына қарамастан, ұзақ жылдар бойы аттан түспей, қару-жарағын тастамады. Өзін тек жауынгер ғана емес, сонымен бірге, қытайлықтарды Текес пен Қарқара өзендерінің бойында шекаралар орнатуға көндірген шебер дипломат ретінде көрсете білді. Ол Қазақ хандығының құлаған туын биікке көтеріп, көзі тірісінде «әулие» аталды.

Бір күні, қалмақтармен болған кезекті ұрыстан соң, Райымбек өз әскерімен Торайғыр тауының етегіне шегінуге мәжбүр болды. Сарбаздар көптеген шайқастардан қатты шаршап, шөлдеп, су іздей бастады. Бірақ, еш жерде су көрінбеген, айналада тек сұр және қара жартастар ғана болған. Жауынгерлеріне су таба алмай ашуланған батыр, жерді қылышпен соққан кезде, қылыш тиген орыннан су атқылаған. Осыдан кейін, қазақ сарбаздары шөлдерін қаңдырып, жаңа күшпен жауға шабуыл жасаған. Бұл бұлақ осы күнге дейін сақтаулы тұр, ол «Райымбек бастауы» деп аталады.

Қайтыс болған күні белгісіз. Бірақ, өлімнің жақындағанын сезген кезде, өзінің жақындарын шақыртып, олармен қоштасқаны туралы деректер бар. Атақты батыр құрметпен жерленіп, оның өліміне бүкіл қазақ даласы қайғырған.

Ұқсас: Абылай хан туралы мәлімет