Піл туралы қызықты мәліметтер

Піл – жер бетіндегі ең үлкен жануар. Ол ежелден бері адамзатқа қызмет етіп келе жатыр. Пілдерге қатысты фактілерді ұсынамыз.

.jpg

13 мәлімет

Денесінің ұзындығы 6-7,5 метр, ал орташа салмағы – 5 тоннаға дейін жетеді. Жаңа туылған пілдің салмағы – 120 кг.

Әлемде 500000 африкалық және 30000 азиялық пілдер бар.

Олар күніне 2-3 сағат ғана ұйықтайды. Қалған уақытын тамақ іздеумен өтікізеді. Бір тәулікте 40-400 кг өсімдік жейді және 100-300 литр су ішеді.

Пілдер бір-бірімен, адамның құлағы қабылдамайтын төмен жиіліктегі шулармен, 15 километр қашықтықта сөйлесе алады. Олар бұл шуларды аяқтарымен қабылдайды.

Жүрегі – 30 килограмм, ал миының ауырлығы – 5 кг. Ең үлкен піл 1956 жылы Африкада атып өлтірілді. Оның салмағы – 11 тонна болған.

Жерлеу рәсімі адамдарға ғана емес, пілдерде де бар. Егер піл қайтыс болса, олар қабір қазып, оның үстін балшықпен немесе бұтақтармен жауып қояды. Содан кейін, бірнеше күн бойы қабірдің жанында қалады.

Есте сақтау қабілеті өте дамыған. Өзін азаптаған адамға, 10 жылдан кейін кек қайтаруы мүмкін.

Ұрғашының жүкті болу уақыты – 22 ай. Бұл – жануарлар арасындағы ең ұзақ мерзім.

Пілдің ең жақын туысы – мамонт.

Бұл жануардың үлкен құлақтары, ағзаны салқындату (кондиционер) үшін қажет. Ауаның айналымын тездету үшін құлақтарын қозғалтады.

Пілдер – өте жақсы жүзиді. 1906 жылы, Нью-Йорк қаласында орналасқан саябақтан қашу үшін, жергілікті піл 70 км қашықтықты жүзіп өткен.

Оңтүстік Кореядағы хайуанаттар бағындағы Косик есімді хайуан, 8 сөзді айта алады.

Олар қуаныш, қайғы және әзіл сезімдерін білдіреді.