Өрт туралы 20 мәлімет
Өрт — ежелгі заманнан бастап, адамға қауіп төңдіретін басты тілсіз жаулардың бірі. От туралы қажетті ақпараттар білгіңіз келсе, келсі мақаланы оқыңыз.
- Көп жағдайда адамдар өрттен емес, оның түтінінен өледі.
- Алғашқы өрт сөңдіру бригадалары, 1722 жылы Англияда пайда болды.
- 2004 жылы Парагвай елінің супермаркетінде, тілсіз жаудың кесірінен 300 адам көз жұмды. Супермаркеттің иесі, адамдар тауармен қашып кетпесін деп, барлық есіктерді жауып тастаған.
- Өрт сөндірушінің костюмын, 1200°C температураға төзе алатын арнайы матадан жасайды.
- 1923 жылы Токиода болған жер сілкінісі, өртке әкеп соқты. Қатты желдің кесірінен, улы газ үлкен қашыққа таралды. Нәтижесінде, 40 мың адам тұңшығып өлді.
- Алексей Михайловил есімді Ресей Империясының патшасы, темекі шегу үшін өлім жазасын белгіледі. Бұл заң — адамдардың денсаулығы үшін емес, өрттің қауіпін тудырмау мақсатында жасалған.
- Қоңырау соққаннан кейін, өрт сөндіруші 20 секундтың ішінде киініп, 10 минутта оқиға орнында болуы керек.
- Сауд Арабиясының Мекке қаласында, өрттің салдарынан 15 оқушы қыз қайтыс болды. Қыздардың хиджаб кимегені үшін, оларға мектептен шығуға рұқсат берілмеген.
- Ең ірі орман өрті — Пештиго деп аталатын қалашықта болған. Оның салдарынан 2500 адам қайтыс болды.
- 1776 жылы 16 жасар француз азаматы Жан Баптист Мюрон, әдейі өрт шығарғаны үшін 100 жылға бас бостандығынан айырылды. Таң қалдыратын жағдайы, ол абақтыдағы мерзімін толық өтеп, 116 жасында түрмеден шықты.
- Өрт гидрантын кім ойлап тапқаны белгісіз, өйткені, ол жайлы мәлімет жанып кеткен.
- 1917 жылы Канаданың Галифакс қаласында, жарылғыш заттарды тасымалдап келе жатқан «Монблан» және «Имо» деп аталатын екі кеме соқтығысты. Нәтижесінде өрт пайда болып, 2 мың адам қаза болды.
- Отты сөңдіруге арналған көліктің цистернасында, 2350 литр су болады.
- Қытайда 130 жыл бойы жанған көмір кең орны, 2004 жылы сөңдірілді. Ол жылына 2 миллион тонна көмірді жағып отырған.
- 1871 жылы Чикаго қаласында, 17 мың ғимарат өртеніп кетті. Оттың баяу таралу себебінен, 300 адам ғана көз жұмды.