Міржақып Дулатов туралы мәлімет

Міржақып Дулатов – қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан жазушы, ақын, ағартушы, драматург және Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері.

Ол 1885 жылы 25 қарашада Торғай облысында дүниеге келген. Анасынан екі жасында, ал әкесі Дулаттан 12 жасында айырылған. Мектепті аяқтағаннан кейін орыс-қазақ училищесін оқып бітіріп, ауылда балаларға сабақ берді.

1904 жыл оның өмірі түбегейлі өзгерді. Бұл жылы Міржақып, Қарқаралыда Ахмет Байтұрсыновпен және Әлихан Бөкейхановпен кездесті. Қазақтың ХХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшылары, халықты орыстардың отаршылдық саясатына қарсылық білдіруге шақырып, Дулатовтың дүниетанымын өзгерте алды.

«Ояң, казақ» деп аталатын алғашқы өлеңдер жинағы 1909 жылы жарық көріп, тез тарап кетті. Бұл шығарма 1911 жылы тәркіленгенімен, кітаптың атауы ХХ ғасырдың басындағы зиялы қауымның манифестіне айналды. Өзінің жариялымдары үшін қамауға алынып, бір жарым жыл түрмеде өткізді.

Ол 1917 жылдың жазында Орынборда өткен жалпықазақ съезін ұйымдастырған адамдардың бірі болды. Қырғыз (қазақ) автономиясы жарияланғаннан кейін Алаш-Орда үкіметінің мүшесі болып қабылданды. Билікке большевиктер келген соң, 1920 жылдың ақпанында Алаш-Орда автономиясы жойылды.

1928 жылы араб алфавитінің жойылуына наразылық білдірген М.Дулатов, ұлтшылдық үшін айыпталып, түрмеге қамалды. Жеті жылдан соң, Соловецк лагерінің ауруханасында қайтыс болып, оның есімін атауға ұзақ уақыт бойы тыйым салынған. Тек 1988 жылдың 4 қарашасында ақталғаннан кейін, оның қызы Гүлнар, Дулатовтың көптеген еңбектерін жариялады.

Ұқсас: Ахмет Байтұрсынов туралы мәлімет