Менің интернетсіз бір күнім (эссе)

Интернет біздің күнделікті өмірімізге мықтап еніп отыр және оның тәуелділігінен құтылу өте қиын. Ғаламторсыз өмір сүру мүмкін емес дейтіндердің саны көбейіп келеді. Мен бұл пікірмен келіспеймін.

.jpg

Ұқсас: Компьютердің пайдасы мен зияны

Мен offline

Миллиондаған адамдар ұйқыдан оянған соң, ең алдымен әлеуметтік желілерге немесе электрондық поштаға келген хаттарды тексереді. Қазіргі заманда, олсыз ешкім өз өмірін елестете алмайды. Бірақ, егер ғаламтордан бір күнге бас тарсаңыз не болады? Осы сұраққа жауап беру үшін тәжірибе өткізіп, сіздермен бөліскім келіп отыр.

Таңертең ұйқыдан тұра сала төсегімді жинап, бөлмемді тазаладым. Тамағымды ішкеннен кейін, мектепке аттандым. Сабақтар аяқталған соң үйге оралып, түскі асымды іштім. Кішкене уақыт демалып, үй тапсырмаларын орындауға кірістім. Осылайша, жарты күнім өтіп кетті. Кешке қарай достарыммен бірге көшеде серуендеп жүргенде, әкем кешкі ас ішуге шақырып алды. Дастарқан үстінде қызықты әңгімелер айтып, ұялы телефонды мүлдем қолданған жоқпын. Анама ыдыс жууға көмектескеннен кейін, өз бөлмеме ұйықтауға кеттім. Міне, менің «offline» күнім осылай өтті.

Ұқсас: Ұялы телефонның пайдасы мен зияны