Тәрбие туралы шығарма (эссе)

.jpg

Тәрбие алдымен жанұядан басталады. Ата-аналар балаларын әдептілікке және жауапкершілікке үйретуі тиіс. Екінші орында – мектеп. Өмірінің көп бөлігін мектепке өткізгендіктен, мұғалімдер баланың біліміне ғана емес, тәртібіне де ерекше назар аударады. Егер оқушы сабаққа жүйелі түрде кешігіп отырса, өз киіміне және дәптеріне ұқыпсыз қарайтын болса, бұл баланың тәрбиесі қандай деңгейде екенін бірден айтуға болады. Бұндай жағдай орын алған кезде, әке-шешесі мектепке шақырылып, тәрбиелік жұмыстар өткізіледі. Бірақ, ешқай ұстаз, ата-анасының қателігін түзете алмайды. Өйткені көп жағдайда, отбасы мүшелерінің әрекеттеріне қарап, баланың мінез-құлқы қалыптасады. Мұны өзгерту өте қиын.

Тәрбиелі адам қандай болуы керек? Ондай адам жұмсақ әрі ұқыпты болады, ол орынды сөйлейді және барлығымен байланыс орнатуға тырысады. Мұндай адам жанжал кезінде өзін-өзі ұстай біледі. Дауласуды ұнатпайды, ашуы келсе де, өз эмоциясын сыртқа шығармауға тырысады. Достарының арасында ұялы телефонымен, үстіндегі киімімен немесе қымбат сағатымен ешқашан мақтанбайды.

Тәрбиелі адамның алдынан көптеген есіктер ашылады. Бұндай кісі кез-келген ортада өз орнын таба алады. Себебі, сыпайы, әдепті, жанашыр және тәртіпті адамдармен барлығы дос болғысы келеді. Ал, тәрбиесіз адамдар әрқашан артта жүреді, олардың достары аз және болашағы қараңғы болады.

Ұқсас: Мәдениетті адам — мәдениетті қоғам кепілі (эссе)