Мен денсаулығымды қалай күтемін? (эссе)

Ұйқыдан оянып, бірден гимнастикамен айналысуға кірісемін. Содан кейін, тісімді жақсылап ысып, қолымды сабынмен жуып болған соң, таңғы асымды ішуді бастаймын. Менің жанұямда дұрыс тамақтану ережелері қатаң сақталады. Зиянды тағамдарды жеуге құштар емеспін. Құрамында қанты көп және қатты газдалған сусындарды ішпеймін. Күнделікті мәзіріме міндетті түрде жеміс-жидектерді қосамын.

Ең сүйікті спорт түрім – жүзу. Аптасына кем дегенде екі рет бассейнде жаттығамын. Малту кезінде жүрек-тамыр және тыныс алу жүйесінің жұмысы жақсарады. Спорт менің төзімділігімді арттырып, денеме күш-қуат береді.

Жазғы мерзімде табиғат аясына шыққанды ұнатамын. Достарыммен бірге далада жиі серуендейміз. Сейілдеуден кейін өзімді жақсы сезініп, ұйқым жақсарады. Себебі, ол стресс пен жағымсыз эмоциялардан арылуға көмектеседі.

Әпкем екеуміз, әр жексенбі сайын үйде ылғалды тазалау жасаймыз. Күн сайын терезелерді ашып, үйді желдетіп аламыз. Осы қарапайым ежелерді ұстанудың арқасында, өзімді жеңіл және мықты сезінемін. Иммунитетім мықты болғандықтан, басқаларға қарағанда сирек ауыратынымды байқадым. Барлықтарыңызды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын!

Ұқсас: Ұйқының денсаулыққа пайдасы қандай?