Медеу мұз айдыны туралы мәлімет

Тауларда орналасқан «Медеу» спорт кешені, Алматы қаласының ең көрнекі жерлерінің бірі. Ол қашан және қалай пайда болды?

.jpg

Спорт кешені тұрғызылмай тұрып, бұл аумақ Медеу Пұсырманов есімді беделді адамға тиесілі болған. Сол себепті, мұз айдыны осы кісінің есімімен аталған. Оның басшылығымен бұл жерде алғашқы ағаш үйлер салынып, кейінірек ол санаторийге айналды.

Ол кездерде КСРО-дағы барлық коньки жарыстары Сібірде өткізілетін. Бірақ 50-ші жылдары, спортшылардың Алматыда көрсететін нәтижелері, Сібірге қарағанда үнемі жоғары болатындығы анықталды. Осыған орай, жаңа мұз айдының Іле-Алатау тауында орналастыру туралы шешім қабылданды. Кешеннің құрылысына 8 миллион рубль қаражат бөлініп, құрылыс екі жылға созылды. Оған 1300-ден астам адамның күші жұмсалды, арасында  қазақстандық альпинистер де болды.

Мұз айдынының ашылу күні 1951 жылдың 5-ші ақпанында өтіп, ең алғашқы күні – 2 дүниежүзілік және 6 бүкілодақтық рекорд жаңартылды. Кейінірек, осы кешенде орнатылған рекордтардың жалпы саны 200-ге дейін жетеді. Мұндай жоғары көрсеткіштердің пайда болуына не себеп болды? Ғалымдардың пікірінше, бұған күн радиациясының оңтайлы деңгейі мен жұмсақ жел әсер еткен. Бірақ, ең маңызды фактор – ол мұздың ерекше құрамы. Кіші Алматы өзенінің таза суынан алынған мұз, жоғары жылдамдықты қамтамасыз етеді.

80-ші жылдардың екінші жартысында оған реконструкция жасалды. Бірақ, әлемде заманауи мұз алаңдары салынғаннан кейін, Медеу спорт кешені олармен бәсекелесе алмай қалды. Бұл кездері, ол «Азия дауысы» халықаралық фестивалі өткізілетін орын ретінде ғана белгілі болды.

Азиаданың қарсаныңда, Медеу қайтадан реконструкцияға жабылды. Нәтижесінде, жаңа тоңазытқыш қондырғысы орнатылды, 140 км құбыр тартылды және мұздың астына жаңадан бетон салынды. Көрермендердің сыйымдылығы 7200-ден 8500-ге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, әдемі мультимедиялық тақта қойылды.

Ұқсас: Спорттың денсаулыққа пайдасы