Марс туралы мәліметтер
Бұл планета болашақта біздің екінші үйіміз болады деген болжам бар. Марс – Күн жүйесіндегі ең зерттелген ғаламшарлардың бірі және ол туралы қызықты деректер көп.
Марс жайлы 20 мәлімет
- Марста ешқандай тірі жан арнайы скафандрсыз өмір сүре алмайды. Атмосфера қысымының жоғары болғандығынан, адам бірден көз жұмады.
- Көлемі жағынан Жерден 2 есе кіші, ал массасы 10 есе жеңіл.
- Марстың гравитациясы Жерден төмен. Сондықтан, Жер бетінде 60 кг болған адам, онда 25 кг ғана болады.
- Марс планетасына ұшырылған ғарыш аппараттарының тек 30%-ы ғана, өз тапсырмасын орындай алды. Қалғандары іс-түссіз жоғалып кетті.
- Ол ғаламшарда бір жыл – 687 тәулікке созылады.
- Илон Маск есімді миллиардер, 2025 жылы Марстың бетіне қонамын деген уәде берді.
- Марс – 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.
- Орташа температура – күндіз +30С, ал түнде -80С-ге дейін барады.
- Ол ғаламшарда болатын дауылдар бірнеше аптаға созылып, желдің жылдамдығы 200км/с-қа дейін барады.
- Бұл планетада – Эвересттен үлкен таулар бар. Ең үлкен тау – Олимп деп аталады. Оның ұзындығы – 27 километр.
- Ғалымдардың айтуы бойынша, ежелде онда су болған, бірақ уақыт өте жоғалып кеткен.
- Атмосфераның 95%-ы көміртегі дуоксиді, 3%-ы азот және 1,6%-ы аргоннан тұрады.
- Планетаның түсі қызыл болғандықтан, оны Марс есімді, ежелгі Римнің соғыс құдайының атымен атаған.
- Оны алғаш болып телескоптан көрген адам, әйгілі ғалым – Галилео Галилей.
- Фобос және Деймос деп аталатын екі серігі бар.
- Озон қабатының болмауына байланысты, ғаламшарға Күн сәулесінен шығатын радиация таралады.
- Ең көп әдеби шығармалар және фильмдер осы планетаға арналған.
- Екінші атауы – Қызыл планета.
- Марс, Юпитер, Сатурн, Меркурий және Венераны, аспанға қарап, өз көзімізбен көре аламыз.
- Қазіргі уақытта, қызыл ғаламшарда, өздігінен жүретін 7 робот өмір сүреді.
барлыгы шын екен
??керемет екекен размет?!!
Маған қатты ұнады көп рақмет пайдасы тиді 😘😊
Маладес маған унады сабактан беа алдым
Мне очень понравилось и могу это написать в свой дневник 💞👍