Маймыл туралы қызықты мәліметтер
Маймылдардың өмірі — адамзат шеше алмай жатқан жұмбақтарға толы. Бұл сүтқоректі жануарлар, біз үшін үлкен қызығушылық тудырады. Өйткені, олар адамның ең жақын туысы болып саналады.
Маймыл жайлы 15 мәлімет
- Табиғатта маймылдың 400 ден аса түрі бар екені белгелі.
- Ғалымдардың айтуынша, ЖИТС (СПИД) ауруы, адамға маймылдан жұққан. Сонымен қатар, туберкулез, герпес және гепатит ауруларына шалдығуы мүмкін.
- Ауыздарындағы тістерінің саны, біздікі сияқты — 32 тіс.
- Маймыл — айнаға қарап, өзін танитын жануар.
- Маймылдар бір-бірімен сөйлесе алады. Шығарған дыбыстары белгілі бір затты білдіреді.
- Стэнфорд университетінде Коко деп аталатын горилла өмір сүреді. Ол ағылшын тіліндегі 2000 сөзді түсінеді. Тіпті, адаммен қалжындаса алады.
- Егер ол есінесе, бұл ұйқысы келгенінің белгісі емес. Керісінше, сізге шабуыл жасауға дайындалып жатыр.
- Жануардың кейбір түрі еңбек құралдарын қолдана алады. Мысалы, жаңғақты жару үшін, оны тастың үстіне қойып, басқа таспен үстінен ұрады.
- Маймылдың ең үлкен түрі — горилла. Олардың ұзындығы — 170 см дейін жетеді. Ал, ең кішкентай түрлерінің бойы — 12-15 см.
- Эволюция теориясына сәйкес, адам мен маймылдың ата-бабалары ортақ.
- Олардың өмір сүру ұзақтығы — 10-60 жыл.
- Үндістанда 40 миллион маймыл өмір сүреді. Бұл мемлекетте олар қасиетті жануар болып саналады.
- Бұл сүтқоректілер тек қана бананмен қоректенбейді. Шын мәнінде, олар бананды өте сирек жейді.
- Олар ауа-райы ыстық жерлерді ұнатады (Африка, Оңтүстік Америка, Азия).
- Орангутанг — малай тілінен аударғанда, «орман адамы» дегенді білдіреді.