Тіс ауырғанда не істеу керек?

Тіс ауырған кезде, стоматологиялық клиникаға баруға қорқатын болсаңыз немесе дәрігерге көрінуге мүмкіндік болмаса, не істеу керек?

тіс ауруы
Фото: From-ua.com

Себептері

Тіс ауруларының ең көп таралған себебі – кариес. Ол алғашқы кезде ешқандай симптом бермей, тіс тіндерін бұзып, оны сезімтал қылдырады. Мысалы, суық немесе ыстық суды ішсеңіз, ауырсынуды сезінесіз. Сондай-ақ, периодонтит, пульпит, пародонтит және әр түрлі зақымдар мен жарақаттардың кесірінен тістің ауыруы мүмкін.

Тісті қалай емдеуге болады?

  • Ең алдымен, ауыз қуысын мұқият қарап шығып, тіс щеткасының көмегімен қалып қойған тамақтың қалдықтарын жойыңыз. Қатты, тәтті, және тұзды тағамнан аулақ болыңыз.
  • 1 стақан суға, 1 қасық соданы араластырып, ауызыңызды шайыңыз.
  • Ауыратын тіске мұзды басу уақытша көмектеседі. Ол наркоз сияқты әсер етеді, бірақ шамамен 5 минутқа ғана.
  • Ауырсынуды жеңілдететін дәрілерді ішіңіз. Мысалы, кеторол немесе анальгин.
  • Сондай-ақ, ауыратын тіске тұзға маңытырылған сарымсақты басуыңызға болады.
  • Антибиотиктерді пайдаланудан аулақ болған жөн. Оны дәрігердің кеңесісіз қолдану, тек қана зиян әкеледі.
  • Ыстық компресстерді қолданбаңыз. Бұл процедура – жағдайды одан әрі нашарлатып, емделуге кедергісін тигізеді.
  • Тамақты ауыратын жағыңызбен шайнамаңыз.
  • Түңгі уақытта, ауырсынуға шыдай алмайтын болсаңыз, тәулік бойы жұмыс істейтін тіс емханалары бар екенін ұмытпаңыз.
  • Егер дене температурасы көтеріліп, жағыңыз ісіп, жүрек тез соғып немесе тыныс алу қиындап жатса, міндетті түрде жедел жәрдем шақыруыңыз қажет.