Құстар туралы қызықты мәліметтер

Құстар — табиғаттың ажырамас бөлігі. Қазіргі уақытта олардың 9800-ден астам түрі бар. Төменде сіз құс туралы деректермен таныс боласыз.

.jpeg

Ұқсас: Жануарлар туралы қызықты мәліметтер

Құстар жайлы 25 қызықты мәлімет

  1. Әлемде қанаты жоқ жалғыз құс — киви.
  2. Құстардың қауырсындары, оның сүйектерінен ауыр.
  3. Құстың жүрегі, ұшу кезінде минутына 1000 рет соғады.
  4. Ең үлкен құстар — страустар, олардың биіктігі 2 метрден асады. Ал салмағы 150 кг-ға дейін жетеді.
  5. Ғаламшардағы құстардың ең таралған түрі — тауық.
  6. Император пингвині 9 апта бойы қоректенбей жүре алады.
  7. Альбатростың қанатының ұзындығы 3-4 метрге дейін жетеді. Бұл әлем рекорды.
  8. Ауыр салмағына қарамастан, әлемдегі ең жылдам жүгіретін құс — страус (70 км/сағ).
  9. Суда ең тез жүзитін құстың түрі — пингвин. Оның жылдамдығы 27км/сағ.
  10. Ең ұзақ өмір сүрген құс — сібірдің ақ тырнасы. Ол 1988 жылы 82 жасында қайтыс болды.
  11. Страустың жұмыртқасын пісіру үшін 2 сағат қажет.
  12. Дегелек (аист) — аспанда ұшып келе жатып ұйықтай береді.
  13. Құстың дене температурасы, бізден 7-8 градусқа жоғары.
  14. Колибри және оның жұмыртқасы, әлемде ең кішкентай болып саналады. Сондай-ақ, ол артпен ұша алатын жалғыз құс.
  15. Қаршығаның көру қабілеті, адамнан 8 есе жоғары. Ол тышқанды 1 километрден байқап қалады.
  16. Шағала — тұзды суды іше береді.
  17. Құстарды зерттейтін ғылымның атауы — орнитология.
  18. Сенуге қиын бірақ, құстың ең жақын туысы — динозавр.
  19. Барлық құстардың 65%-ы тропикалық ормандарда өмір сүреді.
  20. Әлемнің бүкіл жойылған жануар түрлерінің 90%-ы құстар.
  21. Үйрек және қаз, -100 градус суық болғанның өзінде өмір сүре алады.
  22. Фламинго құсы — бір аяқта тұрып ұйықтайды.
  23. Страустар — ұзақ өмір сүреді, шамамен 50 жыл.
  24. Пингвиндердің ұша алмайтыны барлығына белгілі, бірақ олар 2 метрге дейін секіруі мүмкін.
  25. Жер бетіндегі құстардың 6 түрі — улы болып табылады.

Ұқсас: Өсімдіктер туралы қызықты мәліметтер