Күн туралы қызықты мәліметтер
Күн – Жерге ең жақын жұлдыз. Олсыз біздің ғаламшарымызда өмір сүру мүмкін болмас еді. Бүгінгі мақала осы аспан денесіне арналған.
Күн жайлы 20 мәлімет
- Ол 74%-ға сутегіден, 24%-ға гелийден тұрады. Ал қалған 2%-ы оттегі, темір және никель.
- Жер мен Күннің ара қашықтығы 149,6 миллион км.
- Оның ішіне 1,3 миллион Жер планетасы сыйып кетеді!
- Ол – сары түсті деп ойлайтындар қателеседі. Шын мәнінде, Күн ақ түсті. «Атфосфералық шашырау» деп аталатын құбылыстың әсерінен, оның түсі сары болып көрінеді.
- Күннің жасы – 4,603 миллиард жыл. Астрономдар, ол тағы 5 миллиард жыл өмір сүреді деп болжам жасады.
- Швецияның Кируна қаласында, Күн 24 сағат бойы жарқырап тұрады. Ал қысқы мерзімде керісінше ол қала үнемі қараңғы болады.
- Күн – планета емес, ол – жұлдыз.
- Бұл аспан денесінің диаметрі біздің планетадан 109 есе үлкен.
- Жер бетінде салмағы 50 килограмм адам, Күнде 1400 килограмм болады. Өйткені, оның гравитациясы бізден 28 есе жоғары.
- Әрбір секунд сайын, ол жұлдызда 700 миллиард тонна сутегі өртенеді.
- Біздің галактикадағы ең үлкен объект – осы жұлдыз.
- Күннің сәулесі Жерге 8 минуттың ішінде жетеді.
- Өз осін 25 тәулікте айналып шығады.
- Әрбір миллиард жыл сайын, Күннің жарығы 10 есе артып келеді. Тағы бір миллиард жылдан кейін, Жер бетінде су қалмайды.
- Ол 1 секундта 400 миллион тоннаға кішірейіп жатыр. Бірақ, бұндай гигант үшін бұл көп емес.
- 4-5 миллиард жылдан соң қызыл гигантқа айналып, Жер, Меркурий, Марс және Венараны жойып жібереді.
- Сәулесінің радиациясы адамды өлімге әкеледі. Бақытқа орай, біздің ғаламшардың атмосферасы одан сақтайды.
- Ядросының температурасы шамамен 15 миллион градус.
- Ежелгі заманда, адамдар Күн құдайына табынған.
- Егер Күнге ұзақ уақыт қарап тұрсаңыз, көзіңіз күйіп қалуы әбден мүмкін.
Керемет мәліметтер