Көл туралы қызықты мәліметтер
Көл — мұхиттармен тікелей байланысы болмайтын су қоймасы. Кішігірім көлеміне қарамастан, маңындағы аумақтарға үлкен әсерін тигізеді.
Көлдер туралы 15 мәлімет
- Дүние жүзіндегі тұщы су қорының 22%-ы Байқал көлінде. Сондай-ақ, ол ең терең (1642 м) және ең көне (25-35 миллион жыл) көл болып табылады.
- Өлі теңіз — әлемдегі ең тұзды көлге жатады. Соның салдарынан, онда тіршілік ететін организмдер өте аз.
- Таң қалдыратын мәлімет: Балқаш көлінің бір жартысы тұщы судан, ал екінші жартысы — тұзды судан тұрады.
- Тринидад және Тобаго мемлекетінде, сұйық асфальттан тұратын көл бар. Жергілікті тұрғындар — оны жол салу кезінде қолданады.
- Байқал көлінің жағалауында мекен ететін жануарлардың 70%-ын, басқа жерде кездестіре алмайсыз.
- Каспий және Өлі теңізді, көлдердің қатарына жатқызған жөн. Өйткені, олар мұхитпен қосылмаған.
- Қазіргі заманда, ауыл шаруашылығы немесе өнеркәсіптерді сумен қамтамасыз ету мақсатында, көлдер жасанды түрде жасалады.
- Сатурн планетасының серігі Титанда көлдер табылды. Бірақ, олар судан емес, сұйық газдан тұрады.
- Тынық мұхитындағы Жартасты аралдар деп аталатын жердегі кішігірім көлде, 2 миллион медуза тіршілік етеді. Осыншама көп болуының себебі: жыртқыш жануарлардың болмауы.
- Судың тазалығы жағынан бірінші орынды — Көгілдір көл алады.
- Никарагуа елінде акула мекен ететін әлемдегі жалғыз көл бар.
- Метеорит көлдері дегеніміз — астероид немесе метеориттің құлаған жерінен қалыптасқан су қоймасы.
- Әдетте көлдердің суы — тұщы, өйткені олар мұздықтардың еруінен пайда болған.
- Австралиядағы қызғылт түсті көлді, ең әдемі көлдердің қатарына жатқызуға болады. Бұл құбылыстың себебі әзірше белгісіз.
- Кунашир аралындағы үнемі қайнап жататын көлде, температура — 80 градусқа дейін көтеріліп тұрады. Соған қарамастан, оны жүзіп өткен адамдар баршылық.