Каспий теңізі туралы мәлімет

Каспий теңізі Еуропа мен Азияның арасында орналасқан. Оның Қазақстанға тигізетін экономикалық маңызы өте үлкен. Бұл теңіз жайлы деректермен таныс болыңыз.

теңізі

  • Каспийдің түбінде 10-15 миллиард тоннаны құрайтын мұнай және газ кен орындары бар.
  • Ежелде оның жағалауын «каспи» тайпалары мекендеген деген мәлімет бар. Сол себептен, ол осындай атауға ие болды.
  • Каспий теңізі 5 мемлекеттің аумағында орналасқан. Олар – Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түркменстан.
  • Ең терең нүктесі – 1 километрден асады.
  • Каспий теңізі 10 миллион жыл бұрын пайда болды.
  • Иосиф Сталин мұнай өңдірісін ұлғайту үшін, Каспий теңізін құрғатқысы келген. Бірақ, осыншама үлкен су қоймасын кептіру мүмкін болмады.
  • Тұздың мөлшері, басқа мұхит және теңіздерден 5 есе аз.
  • Қара уылдырықтың (икра) 90%-ы, осы су қоймасында ауланады. Сондай-ақ, Каспийді мекендейтін қортпа балығының уылдырығы, әлемдегі ең қымбат икра болып табылады. Оның 100 граммы – 2 мың долларға бағаланады.
  • Кейбір адамдар оны көлге жатқызады. Өйткені, оның мұхиттармен байланысы жоқ.
  • Жалпы көлемі – 371 мың километр квадрат.
  • Ғалымдардың айтуынша, Қара және Каспий теңіздері мыңдаған жыл бұрын бір бүтін болған.
  • Бұл теңізде жүзден аса балық түрі өмір сүреді.   
  • 1921 жылы Ресейде, теңіздегі ең ірі балық ауланды. Балықтың салмағы – 1224 кг!
  • Оған 130 өзен құйылады. Ең үлкені – Еділ өзені.
  • Каспийдің көлемі, Япония, Беларусь жыне Қырғыстан елдерінің аумағынан үлкен.
  • Мұнайдан басқа, оның жағалауында тұз, әктас, балшық және құм өңдіріледі.
  • Бұл судың жағалауында көптеген халықтар өмір сүрген. Сондықтан, теңіздің 70-тен астам атауы бар.