Қан туралы қызықты мәліметтер
Адам ағзасының ең маңызды жүйелерінің бірі — жүрек-тамыр жүйесі. Оның қызметі қанның айналымы арқылы жүзеге асады, олсыз біз өмір сүре алмаймыз. Сізге қан туралы медициналық фактілерді ұсынамыз.
Қан жайлы 15 мәлімет
- Ересек адамның барлық қаның сорып алу үшін сізге 1,120,000 маса (комар) қажет.
- Адам ағзасындағы қан тамырларының жалпы ұзындығы шамамен 100 000 км құрайды.
- Ғалымдардың айтуынша, энергетикалық сусыннан кейін қанда кофеинның мөлшері қатты жоғарылайды. Олар жүректің соғуына әсер етіп, оның тоқтап қалуына себепкер бола алады.
- 74 жасар Австралиялық Джеймс қанды Харрисон 1000 рет тапсырды. Оның сирек кездесетін қанынын тобы, ауыр анемиямен ауыратын нәрестелерге көмектесетін антиденелерді қамтыған. Шамамен есептегенде, оның қайырымдылығы арқасында екі миллионнан астам сәби құтқарылды.
- АҚШ Президентінің автокөлігінде үнемі қосымша жанармай, тежегіш сұйықтығы, автокөлік майы және осы президенттің қосалқы қаны бар.
- Қан тобы денсаулыққа әсер етеді. I топ иелері: жүрек ауруына ұшырау мүмкіндігі төмен, бірақ олар тері ісігіне (рак кожи) шалдығуы мүмкін.
- Ғылыми зерттеулерге сәйкес, I топтағы адамдар, басқа топтағы адамдарға қарағанда, физикалық шыдамдылығы жағынан алда тұр.
- Жаңа туылған нәрестенің денесіндегі қанының мөлшері бір стақан ғана.
- 25 күн ішінде қанның айналымы кезінде өтетін мөлшермен, бір бассейнді толтыруға болады.
- Адам 40% қанды жоғалтқанның өзінде өмір сүре береді. Бірақ уақтылы қан құю керек.
- Жапондықтар қан тобы адамның мінезіне айтарлықтай әсер етеді деп санайды. Бірінші топ — батыл және өзіне сенімді; екінші — тұйық және сенімді; үшінші — ақылды; Төртінші — байсалды. Олар үшін бұл өте маңызды, қан тобы сәйкес келмесе, олар сізді жұмысқа қабылдаудан бас тартады.
- Еркектер әйелдерге қарағанда қаннан жиі қорқады. Өйткені, әйелдер етеккір кезінде қанды үнемі көреді.
- Байқаған шығарсыз, масалар біреуді жиі шағады, ал біреулерге мүлдем жақындамайды. Оның себебі: масалар, бірінші топтың қаның көбірек ұнатады. Есіңізде болсын!
- Бір минут ішінде, адамның миы арқылы 740-750 мл ағып өтеді.
- Төртінші топ қаны — жасы ең кіші, ол үнді-еуропалықтар мен моңғолоидтердің қосылуы нәтижесінде пайда болған деген тұжырым бар.
Ұқсас: Су туралы қызықты мәліметтер
Бәсе неге күз болсада масадан құтылмаймын десем
Қызықты мәліметтер көп екен рахмет😃