Юпитер туралы қызықты мәліметтер

Юпитер – Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар. Телескоптың пайда болуы, бұл планетаға қатысты көптеген деректерді білуге мүмкіндік берді. Олар қандай?

1
Фото: Global Look Press

Юпитер жайлы 15 мәлімет

  1. Юпитердің массасы, Күн жүйесіндегі барлық планеталардың жалпы массасынан – 2,47 есе көп.
  2. Оның көлемі туралы айтатын болсақ, Юпитердің ішіне Жер сияқты 1300 ғаламшар сыйып кетеді.
  3. Оның күшті гравитациялық өрісі, комета және астероидтарды өзіне тартып алып, Жерді қақтығыстан құтқарады.
  4. Бұл гиганттың гравитациясы, Жерден 2,5 есе көп. Салмағы 100 кг адам, Юпитерде 250 кг болады.
  5. Планетада болатын дауылдар 4 күнге дейін созылады, ал олардың жылдамдығы – 500 км/сағ.
  6. Көлеміне қарамастан, ол ең жылдам айналатын планета болып табылады.
  7. Оның радиациясы өте қуатты. Сол себептен, ғарыш кемелері оған жақындай алмайды.
  8. Қазіргі уақытта, оның 79 серігі белгілі. Ең үлкені – Ганимед деп аталады. Оның көлемі Меркурийден үлкен.
  9. Ғаламшардың жарығы, Сириус жұлдызынан асады. Оны аспаннан телескоппен немесе бинокльмен байқауға болады.
  10. Ол сутегі және гелийден тұрады.
  11. Марс және Сатурнның арасында орналасқан.
  12. Юпитер – ежелгі Римдегі құдайдың аты.
  13. Юпитерде, 1 тәулік – 10 сағат, ал 1 жыл – 10 жылды құрайды.
  14. Ядросының температурасы – 20000 Цельсий градусты құрайды.
  15. Бұл ғаламшарда өмірдің болуы мүмкін емес. Оның қатты беті жоқ және судың мөлшері өте аз.