Күн туралы қызықты мәліметтер

Күн – Жерге ең жақын жұлдыз. Олсыз біздің ғаламшарымызда өмір сүру мүмкін болмас еді. Бүгінгі мақала осы аспан денесіне арналған.

.jpg
Күн жайлы 20 мәлімет                

  1. Ол 74%-ға сутегіден, 24%-ға гелийден тұрады. Ал қалған 2%-ы оттегі, темір және никель.
  2. Жер мен Күннің ара қашықтығы 149,6 миллион км.
  3. Оның ішіне 1,3 миллион Жер планетасы сыйып кетеді!
  4. Ол – сары түсті деп ойлайтындар қателеседі. Шын мәнінде, Күн ақ түсті. «Атфосфералық шашырау» деп аталатын құбылыстың әсерінен, оның түсі сары болып көрінеді.
  5. Күннің жасы – 4,603 миллиард жыл. Астрономдар, ол тағы 5 миллиард жыл өмір сүреді деп болжам жасады.
  6. Швецияның Кируна қаласында, Күн 24 сағат бойы жарқырап тұрады. Ал қысқы мерзімде керісінше ол қала үнемі қараңғы болады.
  7. Күн – планета емес, ол – жұлдыз.
  8. Бұл аспан денесінің диаметрі біздің планетадан 109 есе үлкен.
  9. Жер бетінде салмағы 50 килограмм адам, Күнде 1400 килограмм болады. Өйткені, оның гравитациясы бізден 28 есе жоғары.
  10. Әрбір секунд сайын, ол жұлдызда 700 миллиард тонна сутегі өртенеді.
  11. Біздің галактикадағы ең үлкен объект – осы жұлдыз.
  12. Күннің сәулесі Жерге 8 минуттың ішінде жетеді.
  13. Өз осін 25 тәулікте айналып шығады.
  14. Әрбір миллиард жыл сайын, Күннің жарығы 10 есе артып келеді. Тағы бір миллиард жылдан кейін, Жер бетінде су қалмайды.
  15. Ол 1 секундта 400 миллион тоннаға кішірейіп жатыр. Бірақ, бұндай гигант үшін бұл көп емес.
  16. 4-5 миллиард жылдан соң қызыл гигантқа айналып, Жер, Меркурий, Марс және Венараны жойып жібереді.
  17. Сәулесінің радиациясы адамды өлімге әкеледі. Бақытқа орай, біздің ғаламшардың атмосферасы одан сақтайды.
  18. Ядросының температурасы шамамен 15 миллион градус.
  19. Ежелгі заманда, адамдар Күн құдайына табынған.
  20. Егер Күнге ұзақ уақыт қарап тұрсаңыз, көзіңіз күйіп қалуы әбден мүмкін.