Ителгі құсы туралы мәлімет

Ителгі немесе латынша «falco cherrug», сұңқар тұқымдасына жататын өте сирек кездесетін құс.

Оның 6 түрі белгілі, соңғы мәліметтер бойынша әлемде 12-30 мың ителгі тіршілік етеді. Қазақстанда тек бірнеше жүз жұбы өмір сүреді. Қысқы мерзімде Шығыс Африкаға, Таяу Шығысқа және Оңтүстік Азия елдеріне қоныс аударады.

Ұрғашылары еркектерінен үлкенірек болады. Құстың салмағы 0,85-1,40 кг. Дене ұзындығы 425–604 мм. Қанаттарын жайған кездегі ұзындығы – 1,5 метр. Жүнінің негізгі түсі қоңыр. Табиғатта 18-20 жыл өмір сүреді.

Ителгі тамаша аңшы, сондықтан құсбегілердің ең сүйікті жыртқыш құстарының бірі. Өз олжасын биік жерде – таста, ағашта немесе бағанада отырып аңдуды ұнатады. Жануарға тігінен құлап, тырнақтарымен ұрып өлтіреді. Аң аулау кезінде ұшу жылдамдығы 200 км/сағ дейін жетуі мүмкін.

Көбінесе сарышұнақ, аламан, қосаяқ, тышқан және кеміргішпен қоректенеді. Сирек жағдайда жертесерлерді, аққістерді, құлақты кірпілерді және жас қояндарды аулайды. Сонымен қатар, мәзірінде үйрек, шіл, безгелдек және қаз бар. Ителгілер өз ұяларын салмайды. Олар қарғалардың, бүркіттердің немесе басқа да ірі құстардың қараусыз қалған ұяларын иеленіп алады.

Соңғы жылдары браконьерлердің кесірінен ителгінің саны айтарлықтай азайды. Олар құстарды тікелей ұя салатын жерінен ұстап, қымбат бағаға сатады. Әсіресе, араб нарығында ителгіге сұраныс өте үлкен. Үйретілген құс 100 мың доллар, үйретілмегені 20 мың доллар тұрады.

Ұқсас: Сұңқар құсы туралы мәлімет