Ерте жыныстық қатынастың зияны

Қай жастан бастап жыныстық қатынасқа түсуге болады? Жасөспірімдер үшін ол қауіпті ме? Бұл сұрақтардың жауаптары келесі мақалада.

1

Әлемдік статистикаға сүйенетін болсақ, 14 жастағы әрбір оныншы жасөспірім, пәктігінен айырылып үлгерген. Олардың 12%-ы ұл, 8%-ы қыз. Ғалымдар, жігіттерде жыныстық өмір – 22-24 жаста, ал қыздарда – 19-20 жаста басталуы керек дейді.

Сарапшылардың пікірінше, ұлдар үшін жыныстық қатынас – өз достарының алдында беделін көтеруге мүмкіндік беретін құрал. Ал қыздар оны сүйіспеншіліктің белгісі деп түсінеді. Дәрігерлер ерте басталған сексуалдық белсенділік, келешекте жаман нәтижеге әкеледі деп айтуда.


Оның қандай қаупі бар?

  • Жүкті болып қалу

Мектепте оқып жүрген қыз үшін бұл үлкен проблема. Көп жағдайда олар аборт жасауға бел буады. Бұл өз кезегінде жатырдың зақымдануына және бедеулікке әкеледі. Баланы тууға шешім қабылдағанның өзінде, ол жағымсыз салдарға әкелуі әбден мүмкін. Өйткені, 14-15 жастағы қыздың ағзасы босануға әлі дайын емес.

  • Психологиялық дағдарыс

Жыныстық қатынасқа ерте түскен балаларды қоршаған адамдар сынап, олар психологиялық қысымға тап болады. Соның себебінен, жасөспірімдер есірткі және алкогольдік ішімдіктермен әуестене бастайды. Сөйтіп, олардың психикасы өмірінің сонына дейін бұзылады.

  • Жұқпалы аурулар

ВИЧ (ЖИТС), Сифилис, Гепатит С, Герпес және т.б. инфекциялық ауруларды жұқтыру қаупі болады. Сондай-ақ, ерте жақындастықта болған әйелдер, жатыр мойны обыры (рак шейки матки) ауруына шалдығу мүмкіндігі 2 есе көбейеді.


Қорытынды

Жыныстық қатынас тақырыбында жасөспірімдермен сөйлескенде, ата-аналар оның физикалық зиянын ғана емес, әлеуметтік және эмоциялық зардаптарын түсіндіруі керек. Ата-аналар, балаларыңызды қадағалаңыз! Сізден артық қамқор адам табылмайды.