Қыз жігітке бірінші болып жазғаны дұрыс па?

Қыз жігітке алғашқы болып жазу алдында қатты қиналады, өйткені қарым-қатынасты жігіт бастау керек деген пікір бар. Бірақ жігіт өзі бірінші болып смс жазуға, телефон соғуға, кездесуге шақырмаса не істеу керек?

НЕГЕ ЖІГІТ ЖАЗБАЙ ЖАТЫР?

-оның хат алмасуға уақыты жоқ;

-жігіт қызға 1-2 күн әдейі жазбай, оның реакциясын тексергісі  келеді;

-жігіттің қызға қызығушылығы жоқ, сондықтан қарым-қатынасты ары қарай жалғастырғысы келмейді.

ҚЫЗ ЖІГІТКЕ БІРІНШІ БОЛЫП ЖАЗУЫ КЕРЕК ПЕ?

Егер жігіт алғашқы күндерде ешқандай әрекет көрсетпесе, қыз бірінші болып жазайын ба? – деген сұраққа келеді. Бірақ бұндай әрекетке көптеген жағдайда қыздың ар-намысы, ұяты жібермей жатады. Ыңғайсыз жағдайға тап болудан қорқады. Неліктен жігіт өзі жазбайды? Бұл сұраққа әртүрлі жауаптар бар. Жігіт ұялшақ, қыздың алдында күлкінішті болғысы келмеуі немесе өз-өзіне деген сенімділігінің төмен болуы мүмкін.

ЖІГІТПЕН АЙЫРЫЛЫСЫП КЕТКЕН ЖАҒДАЙДА

Жігітімен айырылысып кеткен соң, кейбір қыздар қарым-қатынасты қайтару туралы армандайды. Егер бұрынғы жігіті көп уақыт бойы өзі туралы хабар бермесе бұл:

-жігіт қарым-қатынасты тоқтатып, нүкте қойды;

-жігіт қызына ренжіп, кешірім сұрағанын күтуде;

-ер адам қыздың оған бұрынғыдай сезімі жоқ деп ойлайды;

-жігіт басқа қызға ғашық болып, сіз туралы ұмытып кетті.

Сіз бұрынғы жігітіңіздің басқа біреумен қарым-қатынаста жоқ екенін нақты білсеңіз, оған бірінші болып жазуыңызға болады. Бәлкім, жігіт сізден хабар күтіп жүрген болар, бірақ жазуға батылы бармай жүрген шығар. Егер солай болса ол сізбен үлкен қуанышпен әңгімені жалғастырып, жігітпен татуласуыңыз мүмкін.

ҚОРЫТЫНДЫ

Егер қыз жігітке ұнаса, ол міндетті түрде онымен хабарласуға уақыт та, амал да табады. Жігіт ешқандай әрекет жасамаса, сіз оны қызықтырмадыңыз. Бұл жерде қорқынышты ештеңе жоқ, барлық адамдар бір-біріне сәйкес келе бермейді, әркім таңдау құқығына ие. Басыңызды түсірмеңіз сіз міндетті түрде өз махабатыңызды табасыз.