Электронды темекінің зияны бар ма?

Өндірушілер, бұл құрылғының көмегімен кәдімгі темекіден бас тартуға болады деп жарнама жасайды. Ол адам денсаулығына қаншалықты қауіпті?

Техникалық прогресс – өмірімізді әлдеқайда жеңілдеткен керемет құбылыс. Өкінішке орай, адамзат ойлап тапқан өнертабыстардың барлығын пайдалы деп айта алмаймыз. Электронды темекілер қауіпті техникалық құрылғылардың қатарына кіреді.

Ол жастар мен жасөспірімдердің арасында өте танымал. Себебі, шағын өлшеміне байланысты құрылғыны жасыру оңай. Олардың ішінде аккумуляторлық батарея, қыздырғыш элемент және арнайы сұйықтық орналасады. Шегу кезінде, одан бу тәріздес аэрозоль шығады (түтін емес). Ағылшын тілінде буды – «vapor» деп атайды. Сондықтан, бұл құрылғының екінші атауы – вейп.

Темекіні тастауға мүмкіндік іздейтін адамдар, электронды темекіге көшіп жатқаның жиі байқауға болады. Шын мәнінде, олар бір зиянды әдетті, басқа зиянды әдетпен ауыстырып жатыр. Өйткені, вейптің құрамында да никотин бар.

Кейбір адамдар электронды темекінің зияны, кәдімгі темекіге қарағанда төменірек деп санайды. Ғалымдар көптеген зерттеулердің нәтижесінде, бұл пікір қате екендігін дәлелдеген. Темекінің ішіндегі сұйықтық никотиннен тұрады, ол тыныс алу жүйесіне тез ену арқылы бүкіл денеге таралады. Миға жеткен соң, никотин бүкіл орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, тәуелділікті тудырады. Сонымен қатар, ол жүрек-тамыр жүйесіне зақым келтіріп, түрлі патологиялардың дамуына ықпал жасайды. Бүйрек және өкпе қатты зардап шегеді.

Адамның миы шамамен 25 жаста толық жетіледі. Сондықтан, осы жасқа дейін темекі шегуді бастаған балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына үлкен қауіп төнеді. Вейпингке 27 елде тыйым салынған.

Ұқсас: Туберкулез ауруы туралы мәлімет