Туберкулез ауруы туралы мәлімет
Туберкулез — мыңдаған жылдар бұрын пайда болған. Бұл ауруға иммунитеті төмен, жеке гигиенаны сақтамайтын, әлеуметтік жағдайы нашар адамдар бейім. Сондықтан, оны «кедейлердің ауруы» деп атаған.
- Жыл сайын осы аурудың кесірінен 1,5 миллион кісі қайтыс болады.
- Туберкулез — таза ауада таралмайды. Ол тек қана жабық бөлмелерде жұғады.
- Туберкулездің жабық түрімен 30% адам аурады. Олар айналадағы адамдар үшін қауіпсіз.
- Оны азық-түлік арқылы жұқтырып алу мүкіндігі өте төмен.
- Қазіргі уақытта, бұл дертпен 10 миллион адам аурады.
- Алкогольдік ішімдіктерді ішетіндер, бұл ауруға 20 есе жиі шалдығады. Ал темекі шегетіндер 4 есе.
- Емделу курсының ұзақтығы — 6 айдан 2 жылға дейін.
- Бұл жұқпалы ауруға шалдыққан адамдардың шамамен 80%-ы ғана емделіп шығады.
- Бұл аурудың «отаны» — Африка континенті.
- ВИЧ-қа шалдыққан адамдардың 35%-ы туберкулезден көз жұмады.
- Науқас — бір жылдың ішінде оны 15-20 адамға жұқтыруы мүмкін.
- Азия мен Африка: туберкулез ауруын жұқтырғандардың саны бойынша көшбасшы.
- ХХ ғасырға дейін ол емделмейтін дерт болып саналған.
- 24 наурыз — Туберкулезбен күрес күні атап өтіледі.
- Ауруға қарсы вакцина 1921 жылы жасалды. Қазір бұл вакцинаны бір жылда 100 миллион жаңа туылған нәресте алады.
- Зерттеулерге сәйкес, бұл ауру — жануарларда 245 миллион жыл бұрын болған.
- Түрмеде қамалғандардың туберкулезді жұқтыру мүмкіндігі жоғары болып саналады.
- Ол — қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал етуі де мүмкін.
- Көбінесе өкпеге әсер етеді. Кейбір жағдайда бүйрек және бауыр зақымданады.