Дубай қаласы туралы мәліметтер

Біріккен Араб Әмірліктерінде мұнай табылғаннан кейін, Дубай — әлемдегі ең заманауи қалалардың қатарына кірді. Қазіргі уақытта, бұл мегаполис — миллиондаған туристтердің сүйікті аумағы болып табылады.

.jpg

Қаланың 17%-ы ғана жергілікті тұрғындар. Қалған 83%-ы иммигранттар.

Автокөлік нөмірлері, көліктің өзінен қымбат болуы мүмкін. Мысалы, 2016 жылы «D5» деп аталатын нөмір, аукционда 9 миллион долларға сатылды.

Заңды аздап бұзғанның өзінде, өмір бойы бас бостандығынан айырылуға немесе депортацияға ұшырау мүмкіндігі өте жоғары. Сол себепті, Дубай — планетаның ең қауіпсіз қалаларының бірі.

Көшеде сезімдерін ашық түрде білдіруге тыйым салынған. Қол ұстасу немесе сүйісу үшін, қамауға алынасыз.

Мамыр мен Қазан айларының аралығында, мүлдем жаңбыр жаумайды.

Полиция бөлімшелерінде: Lamborghini, Ferrari және Bentley сияқты спорттық автокөліктер бар.

Жұмыс аптасы сенбіде басталады, ал демалыс күндері бейсенбі және жұма болып табылады.

Жер бетіндегі ең биік ғимарат Дубайда орналасқан. Ол Бурдж-Халифа деп аталады және оның биіктігі 828 метр.

Араб миллионерлері, әлеуметтік желілерде жеке ұшақтардың немесе қымбат автокөліктердің суреттерін орналастыру арқылы өздерінің байлығын көрсетеді. Сонымен қатар, өз мәртебесін көтеру мақсатында: жолбарыс, арыстан және гепардтарды қолданатындар жеткілікті. Оларды үй жануары ретінде ұстайтындар да бар.

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубай емес, Абу-Даби.

2020 жылы Дубайда EXPO 2020 көрмесі болады. Алдыңғы жолы, бұл көрме — Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында өткен болатын.

Әлемдік алтынның 40%-ы, осы қалада.

Ауа райының өте ыстық болуына байланысты, барлық жерлерде міндетті түрде кондиционерлер орнатылған. Олар, тіпті автобус аялдамаларында да бар.

Өткен ғасырда бұл аумақ шөл дала болған.

Қаладағы сауда орталықтарының бірінде, тау шаңғы курорты бар. Оның ауданы 22,5 мың шаршы метрді құрайды.