Денсаулық тақырыбына тәрбие сағаты
Тақырып: «Денсаулық — зор байлық»
Мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану қаншалықты маңызды екенін түсіндіру. Темекі мен алкогольдік ішімдіктердің денсаулыққа тигізетін кері әсерін үғындыру.
Әдісі: пікір алмасу, ойындар.
Көрнекілігі: ақ қағаз, шар, жасыл және қызыл карточкалар.
Барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Кіріспе сөз
Қазіргі қоғамда байлық деген сөзді естігенде, адамдар зәулім үйлер мен қымбат автокөліктерді елестетеді. Бірақ, шын мәнінде, біздің ең үлкен байлығымыз — ол денсаулық. Өйткені, оны ешқандай ақшаға сатып ала алмайсыздар. Медицина қарқынды түрде дамып келе жатқанымен, ол адамдарды кез-келген аурулардан құтқара бермейді. Сондықтан, жас кезден бастап салауатты өмір салтын ұстанып, иммунитетті нығайтуға тырысу керек.
III. Негізгі бөлім
Мұғалім: Балалар, «салауатты өмір салты» ұғымын қалай түсінесіңдер, оған не кіреді?
Оқушылар:
- жеке бас гигиенасын сақтау;
- зиянды әдеттерден бас тарту;
- дұрыс және уақтылы тамақтану;
- денені шынықтыру.
Мұғалім: Дұрыс айтасыздар! Олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып кетейік.
Жеке бас гигиенасы
Гигиена заттары жалпы және жеке болып 2 топқа бөлінеді. Жеке заттарды тек сіз ғана пайдалана аласыз, оны басқа адамға беруге болмайды, тіпті ол сіздің анаңыз, әкеңіз немесе бауырыңыз болса да. Бұл заттарды кім атай алады?
Оқушы: Тіс щеткасы, сабын, тарақ, орамал.
Зиянды әдеттер
Мұғалім: Қандай зиянды әдеттерді білесіздер?
Оқушылар: Темекі шегу, алкогольдік ішімдіктер.
Мұғалім: Олар адамның денсаулығына қандай зиян тигізеді?
Бірінші оқушы: Темекінің құрамында никотин сияқты көптеген қауіпті заттар бар. Темекі шегушілер туберкулез, қатерлі ісік және жүрек-тамыр ауруларына жиі шалдығады. Дәрігерлердің айтуынша, әр шегілген темекі адам өмірін 15 минутқа қысқартады.
Екінші оқушы:Алкогольдік сусындар тез арада тәуелділік тудырып, адамды маскүнемге айналдырады. Ол бауыр, қан тамырлары және ми жасушалары үшін өте зиянды.
Дұрыс және уақтылы тамақтану
Кейбір балалар, күніне екі рет қана тамақтанады. Бұл дұрыс емес. Ас ішу тәртібін бұзу — адам денсаулығына кері әсер етеді. Таңертеңгілік, түскі және кешкі асты өткізіп алмауға тырысыңыздар. Денені пайдалы заттармен толтырып, көкөніс пен жемістерді мәзіріңізге қосуыңыз керек.
Қазір мен пайдалы және зиянды тағамдарды атаймын. Ал сіздер, үстелде тұрған жасыл және қызыл карточкаларды қолданып, өз ойларыңызды білдіресіздер. Пайдалы болса — жасылды, зиянды болса — қызылды көтеріңіз. Тағамдар: кока-кола, алма, чипсы, балық, пияз, гамбургер, бал.
Денені шынықтыру
Спорттық жаттығулардың көмегімен дененің иммунитеті мен төзімділігі артып, денсаулық нығайады. Физикалық белсенділіктің жетіспеушілігі бірқатар ауруларға әкелуі мүмкін. Сондықтан, бос уақытты компьютер немесе телефонның алдында өткізбеуге тырысу керек.
IV. Ойындар
Егер адам белсенді, ширақ және көңілді болса, онда оның иммунитеті жақсы болады, ал егер әлсіз және пассивті болса, онда иммундық жүйесі де нашарлайды. Ежелгі заманның ұлы ойшылдары Аристотель мен Платон, ең жарқын ойлар серуендеу кезінде пайда болады деп сенген. Олар дәрістер мен философиялық сұхбаттарды далада жүріп өткізген. Ал, Жапонияда ереже бар: бір күн — 10000 қадам. Жергілікті халық бұл тапсырманы қатаң сақтайды екен. Мүмкін, осыдан шығар, жапониялықтар өмір сүру ұзақтығы бойынша әлемде бірінші орын алады.
Ал, енді «Кім көп біледі?» ойының бастайық.
Алдарыңызда тұрған парақта көптеген сөздер жазылып тұр, соның ішінен дені сау адамды сипаттайтын сөздердің астын сызып қойыңыздар. Сөздер: белсенді, көңілді, әлсіз, ширақ, шаршаңқы, таза, ұйқышыл, жағымсыз, жігерлі.
Келісі кезекте «Шарларды үрлеу» ойыны. «Тәні саудың — жаны сау» демекші, бұл сайыста сіздердің физикалық дайындығыңыз тексеріледі.
Мен оңға дейін санаймын. Осы уақыттың ішінде, шарды алғашқы болып үрлеген немесе шары жарылып кеткен оқушы жеңіске жетеді.
Рахмет балалар, осымен біздің сабағымыз аяқталып, қоштасатын уақыт жақындап қалды. Дендеріне саулық тілеймін! Ешқашан ауырмаңыздар!