Спорт – денсаулық кепілі (эссе)

Денсаулық – адамның ең басты және баға жетпес байлығы. Сен оны ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың, сондықтан, оны нығайту үшін спортпен шұғылдану керек.

swim-864383_640

Ұқсас: Спорттың денсаулыққа пайдасы

Денсаулық туралы шығарма

Мен спортпен әуестенетін адамдардың қатарына кіремін. Күн сайын таңертеңгілік жаттығулар жасаймын, бұл маған сабаққа барар алдында ұйқымды ашуға көмектеседі. Бос уақытымда, достарыммен бірге коньки тебуге және жүзуге барып тұрамын. Осының арқасында денсаулығым жақсарып, сирек ауратын болдым. Ғалымдардың айтуынша, күніне 30-40 минут уақытыңды спортқа бөлсең, ауруға шалдығу қаупі 30%-ға азаяды.

Спорт жаттығулары ағзаның иммунитетін көтереді, сол себепті спортпен шұғылданатын адамдар, вирустық инфекцияларға бейім болмайды. Физикалық белсенділік қан тамырларына жағымды әсер етеді. Жүрек – дененің ең маңызды органы, оның дұрыс жұмыс істемеуі, ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Күнделікті жаттығулар – жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің жақсаруына кепілдік береді. Сондай-ақ, жаттығулардың көмегімен, қарт адамдардың буыны мен бұлшықеттері күшейеді.

Барлығы спортпен айналысуы керек, әсіресе денсаулығы нашар кісілер. Бүгінгі таңда көптеген спорт секциялары бар, ол жердегі тәжірибелі жаттықтырушы, сізге ұнайтын жаттығу түрін таңдап береді. Салауатты өмір салтының қарапайым қағидаларын ұстанатын болсаң, денсаулығынды нығайтып, өміріңді ұзартуға мүмкіндік аласың. Сонымен бірге, дұрыс тамақтануды, ұйқының жақсы болуын және таза ауада серуендеуді ұмытпаған жөн.

Ұқсас: Денсаулық туралы мақал-мәтелдер