Бүркіт туралы мәлімет

Бүркіт – аспан кеңістігінің иелері және әлемдегі құстардың ең қорқынышты өкілдерінің бірі, оларға шынымен қауіп төндіретін жалғыз тіршілік иесі – ол адамдар.

.jpg

Ең үлкен бүркіттің қанаттарының ұзындығы 2,5 метр. Бұл құстар маймыл немесе ешкі сияқты жануарларды өлтіріп, өзімен бірге ұяға алып кете алады.

Жерден қарағанда, бұл құс баяу ұшып келе жатқан сияқты болып көрінеді. Шын мәнінде, бүркіттің ұшу жылдамдығы 190-320 км/сағ дейін жетеді.

Бүркіттің ұрғашысы, еркектен үлкен. Аққу сияқты, бүркіттер де өзінің жұбымен өмірдің аяғына дейін болады. Ғалымдар 35 жылдан астам бірге өмір сүрген жұпты тапқан.

Бүркіттің ұшу биіктігі 7-9 шақырымға дейін жетеді. Ұшақтардың өзі мұндай биіктікке көтеріле алмайды.

Бүркіттің көзі өте керемет көреді. Ол 3 километр қашықтықтағы қоянды байқай алады.

Бұл құстар өте ақылды. Тасбақаны жеу үшін, оны үлкен биіктіктен тасқа лақтырып, сыртқы қабығын сындырады.

Оның қаңқасының салмағы, қауырсынынан 2 есе жеңіл. Қанаттарынның ерекшілігіне байланысты, қатты дауыл кезінде де ұша береді.

Бүркіт күніне шамамен 1,5 кг етті қажет етеді. Сонымен қатар, олар 5 апта бойы азықсыз өмір сүре алады.

Егер ұяда бірнеше балапан дүниеге келсе, алғашқы 2 айда бәсекелестік пайда болады – әрқайсысы бір-бірінен құтылуға тырысады. Жеңімпаз анықталмаса, бұдан былай балапандардың арасында қақтығыс болмайды.

Бүркіттер барлығымен қоректенеді – өлі болсада, тірі болсада. Олардың мәзірінде бауырымен жорғалаушылар, құстар, балықтар, құмырсқалар, шегірткелер, ұлулар, маймылдар, жыландар және т.б. бар.

Өз балапандарын қорғау үшін, ұяларын үлкен биіктікте салады.

Қазіргі уақытта бүркіттің шамамен 60 түрі белгілі. Олардың көпшілігі Еуразия мен Африкада мекен етеді.