Маймыл туралы қызықты мәліметтер

Маймылдардың өмірі – адамзат шеше алмай жатқан жұмбақтарға толы. Бұл сүтқоректі жануарлар, біз үшін үлкен қызығушылық тудырады. Өйткені, олар адамның ең жақын туысы болып саналады.

.jpg

Маймыл жайлы 15 мәлімет

  • Табиғатта маймылдың 400 ден аса түрі бар екені белгелі.
  • Ғалымдардың айтуынша, ЖИТС (СПИД) ауруы, адамға маймылдан жұққан. Сонымен қатар, туберкулез, герпес және гепатит ауруларына шалдығуы мүмкін.
  • Ауыздарындағы тістерінің саны, біздікі сияқты – 32 тіс.
  • Маймыл – айнаға қарап, өзін танитын жануар.
  • Маймылдар бір-бірімен сөйлесе алады. Шығарған дыбыстары белгілі бір затты білдіреді.
  • Стэнфорд университетінде Коко деп аталатын горилла өмір сүреді. Ол ағылшын тіліндегі 2000 сөзді түсінеді. Тіпті, адаммен қалжындаса алады.
  • Егер ол есінесе, бұл ұйқысы келгенінің белгісі емес. Керісінше, сізге шабуыл жасауға дайындалып жатыр.
  • Жануардың кейбір түрі еңбек құралдарын қолдана алады. Мысалы, жаңғақты жару үшін, оны тастың үстіне қойып, басқа таспен үстінен ұрады.
  • Маймылдың ең үлкен түрі – горилла. Олардың ұзындығы – 170 см дейін жетеді. Ал, ең кішкентай түрлерінің бойы – 12-15 см.
  • Эволюция теориясына сәйкес, адам мен маймылдың ата-бабалары ортақ.
  • Олардың өмір сүру ұзақтығы – 10-60 жыл.
  • Үндістанда 40 миллион маймыл өмір сүреді. Бұл мемлекетте олар қасиетті жануар болып саналады.
  • Бұл сүтқоректілер тек қана бананмен қоректенбейді. Шын мәнінде, олар бананды өте сирек жейді.
  • Олар ауа-райы ыстық жерлерді ұнатады (Африка, Оңтүстік Америка, Азия).
  • Орангутанг – малай тілінен аударғанда, «орман адамы» дегенді білдіреді.