Аққу туралы қызықты мәліметтер

Аққу – рухани тазалықтың, адалдықтың және шынайы махабаттың белгісі. Оларды әлемдегі ең әдемі құстар деп айтсақ қателеспейтін шығармыз.

.jpg

Аққу жайлы 20 мәлімет

  1. Аққудың серігі қайтыс болғаннан кейін, ол қатты қайғыға батады. Ал кейбіреулері өзіне қол жұмсайды.
  2. Климаты ыстық жерде – олардың түсі қара, ал суық аймақта – ақ.
  3. Бұл құстардың басым көпшілігі Қызыл кітапқа енген.
  4. Өзіне жұп тапқан соң, өмірінің сонына дейін оны тастамайды. Сол себептен, тойға шақыру билеттерінде үнемі екі аққудың суреті бейнеледі.
  5. Оның денесінде шамамен 25 мың қауырсын болады.
  6. Қара аққу көбінесе Австралия құрлығында мекен етеді.
  7. Қауіп төнген жағдайда, адамға шабуыл жасауы мүмкін. Адамның сүйегін сындырып жіберген кездер болған.
  8. Суыққа төзімділігінің арқасында, 8000 метр биіктікте ұша алады. Бұл құстар арасындағы әлем рекорды.
  9. Өмір сүру ұзақтығы 20-30 жыл.
  10. Еуропаның суда жүзейтін ең үлкен құсы болып табылады. Оның ауырлығы – 15 килограммға дейін барады.
  11. Олар суда өсетін өсімдіктермен, құрттармен және жәндіктермен қоректенеді.
  12. Аққудың 6 түрі белгілі.
  13. Ересек аққу – 5 кг тамақ жеп қоюы мүмкін.
  14. Орташа ұшу жылдамдығы – 65 км/сағ.
  15. Аққулардың үйректерден басты ерекшілігі, олардың мойнының ұзын болуы.
  16. Ұлыбританияда барлық аққулар ханшайымға тиесілі және оларды аулауға тиым салынған.
  17. Оның көздері өте жақсы көреді. Бұл қабілет оған судың астынан азық табуға көмегін тигізеді.
  18. Аққу – Финляндия елінің ұлттық құсы.
  19. Ежелгі заманнан бері, аққуды өлтіру адамның өміріне бақытсыздық әкеледі деген сенім бар.
  20. Туылған кездегі түсі сұр болады.