Бердібек Соқпақбаев туралы мәлімет

Бердібек Соқпақбаев – балалар жазушысы, ақын және сценарист. Ол 1924 жылы Алматы облысының Нарынкөл ауданында кедей отбасыда дүниеге келген.

Өмірбаяны

Білімге деген сүйіспеншілікті ағасы Сатылған сіңірген. 8 жасында анасынан айырылып, балалық шағынан бастап көп қиындық көрді, ауыр жұмысқа да, аштыққа да төзе білді. Бұл кезеңді «Балалық шаққа саяхат» (1960) әңгімесінде керемет суреттеген.

Жергілікті мектепті тәмамдаған соң, әскерге аттанды. Одан кейін, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтты және Мәскеудегі жоғары әдеби курсын оқып бітірді. «Қазақфильм» киностудиясында, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» газет-журналдарында редактор болып қызмет атқарған. Жазушылық жолын 1950 жылы жарық көрген өлеңдер жинағынан бастады. 1951 жылы келесі кітабы «Чемпион» повесі жарияланды.

Бердібек Соқпақбаевтың ең танымал туындысы «Менің атым Қожа» хикаяты. Біл кітап Франция, Польша, Чехословакия, Болгария елдерінде басып шығарылып, әлемнің 68 тіліне аударылған. Оның сценарийі бойынша 1967 жылы «Менің атым Қожа» көркем фильмі түсіріліп, Канн халықаралық кинофестивалінде жүлделі орынға ие болды.

Б.Соқпақбаевтың шығармалары көбіне жас балаларға арналған. Оны бала тәрбиесінің күрделі мәселелері үнемі мазалайтын. Жазушының «Он алты жасар чемпион» (1951), «Бақыт жолы» (1953), «Өзім туралы повесть» (1957) хикаяттары жасөспірімдердің ғана емес, ересек оқырмандардың да көңілінен шықты. Соңғы еңбектерінің бірі «Қайдасың, Гауһар?» атты махаббат туралы әңгімесімен, көптеген адамдардың жанын тербетті.

Атақты жазушы 1991 жылы 24 шілдеде қала сыртындағы саяжайында қайтыс болды. Бердікбек Соқпақбаевтың өліміне қатысты қоғамда әртүрлі пікірлер бар.

Ұқсас: Ілияс Жансүгіров туралы мәлімет