Ілияс Жансүгіров туралы мәлімет

Ілияс Жансүгіров ХХ ғасырдың 30-жылдарында өмір сүрген қазақтың ең дарынды тұлғаларының бірі. Ол ел тарихында жазушы-публицист, драматург, аудармашы, композитор және журналист ретінде қалды.

asd

Ақын 1894 жылы қазіргі Алматы облысының аумағында дүниеге келген. Анасынан ерте айырылып, әкесі Жансүгірдің қолында өсті. Ол Абай, Махамбет, Ақан Сері және Біржан салдың туындыларымен танысып, әсіресе, айтыстарға ерекше қызығушылық танытқан. Бала кезінде домбыра тартуды және ән айтуды үйреніп, жүздеген қазақ әндерін жатқа білген. Ауданда мектеп болмағандықтан, өздігінен оқып, қазақша оқуды және жазуды меңгеріп алды.

1920 жылы Ташкенттегі қысқа мерзімді мұғалімдер курсын бітірген соң, ұстаз болып жұмыс істеген. Сонымен қатар, «Ақжол» газетінде қызмет жасады. Бір жылдан кейін еліне оралып, Белтоғандағы мектепке жұмысқа қабылданды. Бұл кезенде, Ілияс коммунизм идеяларына шын жүректен сеніп, Қазақстанды индустриаландыруды армандады.

1937 жылы Жансүгіров тұтқынға алынды. Кеңес өкіметін көптеген жылдар бойы қорғағанына қарамастан, антисоветтік әрекеттері үшін айыпталып, 1938 жылдың ақпанында ату жазасына кесілді. 1957 жылы ақталып, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болғандығы дәлелденді.

«Сарыарқа» және «Тілек» өлеңдері, Ілиястың алғашқы еңбектері болып саналады, олар 1917 жылы «Сарыарқа» журналында жарияланды. Оның «Құлагер» деп аталатын поэмасы, қазақ поэзиясының ең көркем шығармаларының бірі. Поэманың басты кейіпкері 19 ғасырдағы атақты әнші және ақын — Ақан Сері. Бұл туындыда, Жансүгіров Ақанның өміріндегі ең қайғылы эпизодты бейнелейді. Осы поэманың қолжазбасы, Ілияс тұтқындалғаннан кейін жоғалып кеткен. Тек 20 жыл өткен соң, ақынның ақталуына байланысты, оның досы Сапарғали Бергалин қолжазбаны жанұясына әкеліп берген. Сапарғали ұзақ уақыт бойы оны жастағының ішінде сақтаған.

І.Жансүгіров мектептерге арналған оқулықтар мен алғашқы қазақ күнтізбесін құрастыруға белсенді түрде қатысқан. Ол Пушкиннің, Лермонтовтың, Горькийдің және т.б. орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.