Байқоңыр ғарыш айлағы туралы мәлімет

Байқоңыр – Қазақстан аумағында орналасқан әлемдегі бірінші және ең ірі ғарыш айлағы. Осы космодромнан, Жердің алғашқы жасанды серігі және Юрий Гагарин мен Валентина Терешкова ұшырылды. Бұл кешенге қатысты деректермен таныс болыңыздар.

.jpg

Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім бойынша, Байқоңыр ғарыш айлағы, 2050 жылға дейін Ресейге жалға беріледі. Жалдау ақысы жылына 10 миллиард рубльді құрайды.

1960 жылы, континентальды баллистикалық зымыранның сынақтары кезінде, адамдардың өліміне әкелген апат орын алды. Ресми деректер бойынша, өрттің кесірінен 74 адам қаза болды. Кеңес үкіметі, осы оқиғаға қатысты мәліметтерді жасырып, бұл апат туралы тек 1989 жылы ғана белгілі болды.

Ғарыш кешенін осы аумақта орналастыру кездейсоқ емес. Бұл шөлді жерде өмір сүретін адамдардың санының аз болуы, зымырандарды ұшыру үшін өте қолайлы. Бірақ ең бастысы, экваторға жақын болғандықтан, ғарыш аппараттарын ұшыру кезінде, Жердің айналу жылдамдығын пайдалануға мүмкіндік берді.

Ғарыш орталығының аумағы – 6 717 км². 50 жыл ішінде Байқоңыр космодромынан, 1500-ден астам зымыран ұшырылды.

Байқоңырдан ұшырылған «Восток-1» зымыраны, 28000 км/сағ жылдамдықпен ұшқан. Мұндай жылдамдықты көзбен елестету өте қиын.

Байқоңырдың ресми туған күні – 1955 жылдың 2 маусымы. Ол алғашында – «Ленинск» деп аталған.

Космодромды өз көзімен көргісі келетін адамдарға, туристтік агенттіктердің көмегімен баруға болады. Экскурсия кезінде, зымыранның ұшуын, қаланың мұражайларын және аумағындағы нысандарды аралап шығу мүмкіндігі бар.

Ақпарат Sputniknews сайтынан алынды.