Австралия туралы қызықты мәліметтер

Австралияны жердің шетінде орналасқан мемлекет деп айтуға болады. Оның көршілес немесе шекаралас мемлекеттері жоқ, өйткені, жан-жағын мұхит қоршаған. Бұл ел – сирек кездесетін және өте қауіпті жануарларымен белгілі.

  • Кенгурулардың саны, халық санынан 3 есе көп!
  • Әлемнің ең ірі экономикалық орталықтарының бірі. Экономикасы негізінен тау-кен өнеркәсібі мен аграрлық сектордан тұрады. Сондай-ақ, олар уран қоры бойынша әлемдік көсбасшы.
  • Өмір сүру деңгейі ең жоғары 10 елдің қатарына кіреді.
  • 1606 жылы Австралияға алғаш болып аяқ басқан еуропалық адамның есімі – Вилем Янсзон. Алғашқы кезде, бұл ел – «Жаңа Голландия» деп аталған.
  • Континенттің ең үлкен қалалары, Сидней және Мельбурн, елдің астанасы болу үшін ұзақ уақыт бойы күрес жүргізген. Дауды тоқтату үшін, билік өкілдері жаңадан қала салып, оны мемлекеттің астанасы етіп жариялады. Қаланың атауы – Канберра.
  • Австралия сөзі – «оңтүстік» деген мағына береді.
  • Әр адам сайлау кезінде дауыс беруге міндетті. Әйтпесе, ол кісіге айыппұл салынады.
  • Елге қояндарды кіргізуге тыйым салынған. Өйткені, олардың саны тым көбейіп кетті.
  • Дәрігердің айлық жалақысы шамамен 10000 долларды құрайды.
  • Ересек адамдардың 80%-ы құмар ойындарды ойнайды.
  • Ең үлкен трамвай желісі осы елде.
  • Австралияның банкноталары қағаздан емес, пластиктен жасалған.
  • Халықтың 27%-ы иммигранттар.
  • Акулалардың кесірінен, жылына 1 адам мерт болады.
  • 50 миллион жыл Австралия және Антарктида, бір құрлық болған.
  • Бір жылда 20 миллион тонна бидай өсіріледі. Әр тұрғынға шамамен 1 миллион тоннадан келеді.