Кенгуру туралы 20 мәлімет

Кенгуру – Австралия елінің басты символы. Оның суреті – елдің банкнотасында және Австралиялық өнімдерде бейнеленген. Бұл жануар жайлы қызықты мәліметтермен таныс болыңыз.

.jpg

  1. Қазіргі уақытта, кенгурулардың 62 түрі бар. Олардың ең кішкентайларының салмағы – 0,5 кг, ал ең үлкендерінің – 90 кг.
  2. Кенгурулардың саны, Австралияда тұратын адамдардын санынан 2,5 есе көп.
  3. Өмір сүру уақыты – шамамен 12 жыл ғана. Бірақ, табиғи қорықтарда 25 жылға дейін тірішілік етуі мүмкін.
  4. Олар шөппен қоректенеді және сусыз бірнеше ай жүре алады.
  5. Жаңа туылған кезде, салмағы – 1 грамм, ал ұзындығы – 2 см шамасында болады.
  6. Кенгурудың есту қабілеті жақсы дамыған. Олар, бір-бірімен бірнеше километр қашықтықта, табандарын жерге соғу арқылы сөйлеседі.
  7. Кенгуру – 12 метр ұзындыққа және 3 метр биіктікке секіре алады.
  8. Австралияға алғаш келген адамдар, жергілікті аборигендерден бұл жануардың атын сұрағанда, олар: «Кен-гу-ру» деп айтқан. Олардың тілінде бұл сөз, «мен түсінбеймін» дегенді білдіреді. Дегенмен, осы атау сақталып қалды.
  9. Ең кішкентайлары – валлаби деп аталады. Ұзындығы – 50 сантиметр ғана.
  10. Ең ірі түрі – Қызыл Кенгуру. Олардың бойы адамдардан асады (2 метрден жоғары).
  11. Бұл жануар артпен жүре алмайды.
  12. Жүгіру жылдамдығы – 60км/сағ.
  13. Оның соққысы адамды өлтіруі мүмкін.
  14. Құлақтары 360 градусқа бұрылады.
  15. Кенгурудың жүктілігі, 20-40 күнге дейін созылады.
  16. Кенгуруды таңертеңгі және кешкі уақытта көруге болады. Күндіз, олар ыстықтан қорғану үшін көлеңкеде отырады.
  17. Бұл тіршілік иелері ешқашан жеке жүрмейді, тек топпен ғана.
  18. Жануардың құйрығының ұзындығы – 100 см дейін.
  19. 1980 жылы Австралияда, кенгурудың етін жеуге ресми түрде рұқсат етілді.
  20. Кенгуру еті пайдалы болып саналады. Әсіресе, диета ұстайтын адамдарға.