Ата-аналарға арналған сауалнама (балабақшада)
Сауалнама — бала мен оның отбасы жайлы ақпарат жинаудың тиімді тәсілі. Төмендегі анкеталарды дайын түрде жүктеп алуыңызға болады.
Балабақшаға қабылдаған кездегі сауалнама
Құрметті ата-аналар! Сіздерді сауалнамаға қатысуға шақырамыз. Бұл тәрбиешілерге балаңыздың даму ерекшеліктерін біліп, балабақшаға жылдам бейімделуін жеңілдетеді.
- Баланың аты-жөні ______
Туған күні _______
Тұрғылықты мекен-жайы_______
- Анасы:
Аты жөні ________
Туған күні _______
Білімі, мамандығы, жұмыс орны _______
- Әкесі:
Аты жөні ________
Туған күні _______
Білімі, мамандығы, жұмыс орны _______
- Отбасының материалдық жағдайы _____
- Тұрғын үй жағдайы (бөлек пәтер, жатақхана және т.б.)____
- Баланың қандай да бір тағамға аллергиясы бар ма?_____
- Бала жанұяның қай мүшесіне көбірек жақын?_____
- Үйде баланың тәрбиесімен кім айналысады?_____
- Балаңызды үйде қалай атайсыз (еркелетесіз)?_____
- Қалай жазалайсыз?_____
- Сүйікті ойыншығы_____
- Ұнататын тағамы____
- Балаңыз қаншалықты жиі ауырады, қандай аурулары немесе жарақаттары бар?_____
- Сіздің тілектеріңіз_____
«Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жұмысы сізді қанағаттандырама?»
Келесі сауалнаманың мақсаты — балабақша тәрбиешілерінің қызметіне баға беріп, мекеменің жұмысын жақсартуға бағытталған ұсыныстарды қарастыру.
- Сіздің балаңыз балабақшаға баруды ұната ма?
а) иә;
ә) жоқ;
б) жауап беруге қиналамын.
- Балаңыздың тәрбиешімен қарым-қатынасы:
а) жақсы;
ә) әртүрлі;
б) нашар.
- Топтағы тәрбиешілердің жұмысы:
а) Толығымен қанағаттандырады;
ә) Жартылай қанағаттандырады;
б) Мүлдем қанағаттандырмайды.
- Сіздің тәрбиешілермен қарым-қатынасыз қандай?
а) достық;
ә) жанжал;
б) жақсы байланыс орната алмадық.
- Мекеме қызметінің қай бағытына көңіліз толды?
білім сапасы;
тәртіп;
тәрбиешінің балаларға деген қатынасы.
- Мекеменің оқу-тәрбиелік жұмыстарының сапасына ризасызба?
а) иә;
ә) жоқ;
б) өз жауабыңыз_____
- Балабақшаның санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттандырама?
а) иә;
ә) жоқ;
б) өз жауабыңыз_____
- Балабақшаның ғимараты ұнайды ма?
а) иә;
ә) жоқ;
Рақмет! Қосатын ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, жаза кетіңіз.
тамаша